• Қоғам
  • 22 Сәуір, 2021

ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Мемлекет басшысына министрліктің ақпараттық ­саясат пен азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндалды.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, оның ішінде, волонтерлік қоз­ғалысты және экологиялық ағарту шараларын одан әрі дамытуға, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ая­сында ат­қарылатын іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты бұған дейін берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді.
Президентке «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақ­паратқа қол жеткізу туралы» заңнамаларға енгізілген жаңа түзетулердің жүзеге асырылу барысы туралы айтылды.
Сондай-ақ министр Мемлекет бас­шы­сының қоғам­дық бақылау, волонтерлік және қайырымдылық қызмет туралы жаңа заң жобаларын әзірлеу жөніндегі тапсыр­маларының орындалуы жайында баяндады.
Кездесу соңында Президент министр­лікке бірқатар нақты міндет жүктеді.

1502 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы