• Қоғам
  • 05 Мамыр, 2021

ОТЫЗ ИГІ ІС

Жуырда «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,  «30 игі іс» атты қайырымдылық марафонын бастаған болатын. Осы акция аясында Сарыағаш ауданы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Рысбек Дүйсеновтың демеушілігімен Қабланбек ауылдық округі аумағындағы мүгедек жандары бар және тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған 100 отбасына азық-түлік себеті табысталды. Ауыл тұрғындары өздеріне осындай көмек көрсеткен демеушіге ризалығын білдірді.

Сонымен бірге сарыағаштық тағы бір депутат Мұхит Асилов та қасиетті Рамазан айында игі іс атқарды. Ол  «30 игі іс» акциясы шеңберінде 30 отбасына азық-түлік себетін тапсырды. Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ерікті жастары да атсалысты.

Жалпы «30 игі іс» атты қайырымдылық марафоны Сарыағашта өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. «Сарыағаш» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, демеушілер есебінен Сарыағаш қаласы аумағында тұратын тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған 25 отбасыға азық-түлік себеті табысталды. «Құркелес» бастауыш партия ұйымы да 25 отбасына азық-түлік себетін үлестірсе, «Дарбаза» БПҰ төрағасының бастамасымен  демеуші  «Ауес» ӨК ұжымы аз қамтылған 67 отбасына ұн таратты. 

Жалпы бұл көмектердің бәрі «Nur Otan» партиясы атынан сайланған депутаттар мен жергілікті кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен берілген. Мақсат – ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын игі іспен өрнектеу арқылы мұқтаж жандарға көмек беру.

 

 

2042 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы