• Қоғам
  • 06 Мамыр, 2021

Еңбекті қорғау да маңызды

ХЕҰ мәліметтері бойынша жыл сайын дүниежүзі бойынша 2,3 млн астам еңбеккер жұмыс орындарында жазатайым жағдайдан немесе кәсіби аурулардың салдарынан қаза болады. Еліміздің кәсіпорындарында жыл сайын 1300-ден астам қызметкер жарақат алады. 2020 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша зардап шеккендердің саны 341 адамды құрады.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілерге, кәсіподақтар мен еңбек ұжымдарына «Қауіпсіз еңбек» ұранымен іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылуға шақырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс магис­транттары мен педпрактика жетекшісі ұйым­дастыруымен еңбекті қорғау күніне орай­ластырылған  «Бүкіләлемдік қауіп­сіздік және еңбекті қорғау күні» онлайн фор­матта халықаралық дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға оқытушылар мен студенттермен қатар сырттан келген қонақтар «МИСиС» ҒЗТУ доценті Анна ­Меркулова (Ресей, Мәскеу), Pôle Léonard de  Vinci университетінің Халықаралық даму жөніндегі қызметкері  Есхат Нұржұмаұлы (Франция, Париж), «Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» магистрі Назым Қалдыбаева (АҚШ, Нью-Йорк), «Көлік техникасы және технологияларды басқару» кафедрасының доценті Исраил Елязов (Әзербайжан, Баку), «Жаратылыстану және жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының меңгерушісі Караматдин Жақсымұратов (Өзбекстан, Ташкент), Жарылғыш заттарды өндіруші мен жарылыс жұмыстарын жеткізушіге арналған жоба менеджері Уилфрид Латте (Африка, Кот-д’Ивуар Республикасы) қатысты.

Шараға қатысушылар өз ризашылық­тырын жеткізді. Ташкенттен келген ­Караматдин Жақсымұратов «Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Университеттеріміздің арасында іскерлік байланыс орнатайық. Арал мәселесін біріге шешейік» деген ұсынысын айтты. Мәскеулік қонақ Анна Меркулова ­«Ойымды балаларға, оқытушыларға жеткізерсіз. Көп рақмет. Магистранттардың деңгейі жоғары екен. Барынша әсерлендім. Дөңгелек үстелдің жоғары деңгейде өткеніне риза болдым. Ұйымдастырылуы көңілден шықты» деген жүрекжарды сөзін жеткізді. Нью-Йорктен қатысқан Назым Қалдыбаева қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың маңызы жайлы баяндай келіп, мұндай бас­қо­сулардың жалғасын табуына тілек­тестігін білдірді.

Айгүл Қожахан,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының

қауымдастырылған профессоры

1759 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы