• Қоғам
  • 06 Мамыр, 2021

Онлайн көрмелер көмегі

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы – халқымыздың рухани қазынасының қайнар көзі. Еліміздің бас кітапханасының негізгі міндеті – тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына, өркендеуіне байланысты отандастарымызды ақпараттың барлық түрімен қамтамасыз ету. 

 

Қазір Ұлттық кітапхана қорымен, оған келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстыру, 50-60-шы жылдардағы танымал әншілердің жанды дауыстағы ретро әндерін тыңдау сияқты   жұмыстардың барлығы да әлеуметтік желілер: фейсбук, инстаграм, телеграм, твиттер парақшаларында жүргізілуде. Өткен жылы кітапханада Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен  ғұлама ұстаз әл-Фарабидің 1150 жылдығының құрметіне Абай әдеби орталығы мен әл-Фараби ғылыми орталығы ашылған болатын.

Аталған орталықтардың ұйымдастырылуы  кітапсүйер қауымды ізденуге, оқуға  ынталандыратын тиімді тегершікке айналды. Мәселен, отбасылық оқу үрдісінің қалыптасуында олар маңызды рөл атқара бастады. Себебі мұнда бала ата-анасымен келіп, Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқудан түрлі сайыстарға қатысып, қара өлеңдерін жаттап қана қоймай, сыныптастарына челлендж жолдауды үйренеді.

Биыл  кітапханамыздың оқырманға қызмет көрсететін барлық бөлімдерінде Тәуелсіздіктің – 30, Ж.Жабаевтың – 175, М.Мақатаевтың 90 жылдығына және т.б. көптеген мерейлі даталарға  арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып, дәстүрлі және онлайн түрінде шолу жасалуда.  Ұлы ақындарымыз Ж.Жабаев пен М.Мақатаевтың өлеңдерін қалың елге насихаттау мақсатында  біздің ұжым челлендж эстафетасын жария­лады.

Осыған байланысты челленджді қабылдап алған Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы мен  М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының 6 сынып өрендері Мерзімді басылымдар қызметінің ­«Жамбыл – Ұлы дала ақыны», «Қазақ поэзиясының хантәңірі» атты көрмелерін тамашалады.

Челленджге қатысушылар Жамбыл мен Мұқағали секілді ақиық ақындардың өлеңдерін  жатқа айтып, эстафетаны Түркістан қаласы мен  Жаркент ауылының мектеп оқушыларына ұсынды. Сондай-ақ Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының 3 «Е» сынып оқушысы Айзере Бердібай, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық мектеп интернатының 4 «Ә» сынып оқушысы Кәусар Қайратқызы, музыкалық сәлеммен челлендж  эстафетасын Алматы қаласы мектеп оқушыларына жолдады. 

Баян Өтебаева,

ҚР Ұлттық кітапханасы

Мерзімді басылымдар қызметінің

топ жетекшісі

1848 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы