• Ақпарат
  • 12 Мамыр, 2021

Әуежайда «Ashyq» іске қосылды

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Ashyq» қосымшасы ресми түрде іске қосылды. Әуежайда «Ashyq» қосымшасы апта басынан бері жұмыс істеп тұр. Алдымен жүйе тест режимінде іске қосылған. Сол аралықта 1 адамда «қызыл» түсті, 4 адамда «сары» түсті мәртебе анықталып, ғимараттың кіреберісінен кері қайтарылған.

«Ashyq» қосымшасының бүгіннен ­бастап ресми іске қосылуына байланысты барлық келуші алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз мәртебесін тексеруі қажет. Ал жолаушылар билет сатып ­алмай тұрып мәртебесін анықтау керек. Ashyq.kz қосымшасы арқылы көңіл күйді тексеру үшін QR код қолжетімді. «Сары» және «қызыл» түсті мәртебесі бар жолаушыларға терминал ғимаратына кіруге рұқсат берілмейді. Әуежайға келуші өз мәртебесін алдын ала мобильді қосымшаны жүктеп алып, Ashyq.kz сайтына кіріп, үйден шықпай тұрып біле алады. Жолаушының мәртебесі «қызыл» түсті екені әуежайда анықталса, билет құны қайтарылады» дейді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов. Ashyq қосымшасын жүктеген адам өз мәртебесін білуі үшін әуелі тілді таңдауы керек. Содан кейін телефон нөмірі бойынша тіркеледі. Енгізілген нөмірге коды бар SMS хабарлама келеді. Сол код арқылы тексеру жолына өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізіп, терминалға кірген кезде QR код беріледі. Осы QR код арқылы жолаушы мәртебесі анықталады. Ал шетелдіктер ЖСН орнына паспорт нөмірі арқылы өз мәртебесін анықтай алады. «Әуежайға келушіде Ashyq жобасын орнататын смартфон болмаса немесе мобильді қосымшаны жүктеп үлгермесе, әуежайдың ­жауапты қызметкері өзінің мобильді қосымшасымен келушінің ЖСН-ін енгізу арқылы тіркеуге көмектеседі. Сол үшін қызметкерлерге 20 арнайы планшет бөлдік»  дейді Әнуар Шалекенов. 
Еске салсақ, ҚР Көліктегі бас ­санитар дәрігерінің жаңа қаулысы ­бойынша әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерген еді. «Тәуекелі жоғары («қызыл» аймақ) өңірлерде, «Ashyq» жобасына қатысатын әуежай­ларды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды әуежай­лар ғимараттарына кіргізуді шектеу қамтамасыз етілсін» деп жазылған құжатта. Теміржол вокзалдарына да дәл осындай талап қойылып отыр. «Қызыл» аймақтағы өңірде «Ashyq» жобасына ­қа­тыспайтын вокзалдардың барлығында күтіп алушылар мен шығарып салушы­лар­дың ғимаратқа кіруіне тыйым салынды. 

А.Ұлтанбекова

1260 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы