• Ақпарат
  • 10 Маусым, 2021

Бала абай болсын!

Жазғы демалыстың басталуына байланысты балалардың бос уақыты көбейеді, өкінішке қарай, балалардың электр жарақаттарын алуы да жиілейді.

Тұрғындық аудандардың, мектептердің, бала­бақ­шалардың аумақтарында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін электр трансформаторлық қосалқы станциялар (ТҚС) және бөлу пункттері (БП) орналасқан.
ТҚС және БП есіктері арнайы құлыптармен жабылатынына қарамастан, оларды бөгде адамдар түрлі-түсті металды ұрлау мақсатында немесе бұзақылық ниетпен сындырып, ашып тастайды. Электр қондырғыларының ашық есіктері қызыққа әуес балаларды «тартады», олар қауіпті түсінбей, қосалқы станция панажайларына кіреді. Тоқ өткізгіш бөліктерге тигенде, бала электр тізбегіне қосылады. Кернеудің әсерінен оның денесі арқылы электр тоғы ағыны өтеді, бұл дененің қалыпты жұмысын бұзады және тыныс алуды, сонымен қатар  жүректің жұмысын тоқтатады. Электр тоғының соғу қаупі бар екендігі туралы адамдарға ескерту мақсатында, электр қондыр­ғы­ларының есіктері мен қоршауларына «Тоқта! Кернеу» (найзағай түрінде қара сызықпен көрсетілген сары үшбұрыш) белгілері ілінеді. Ересектердің міндеті – балаларға осы белгілерді көрсету және олардың мағынасын түсіндіру.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасы мыналарға қатаң тыйым салынатынын және өлімге әкелетіндей қауіпті екенін балаларға түсіндіру қажеттігін ескертеді: ТҚС және БП жанында, сондай-ақ әуелік электр жеткізу желілерінің астында ойын ойнауға; кез келген электр қондырғыларына кіріп, электр шкафтары мен қалқандарын ашуға; әуелік электр жеткізу желілерінің тіректеріне шығуға; кез келген заттарды сымдарға лақтырып, оқшаулағыштарды сындыруға; үзілген немесе ілініп тұрған сымдарға  2 метрге дейін жақындауға; ағаштарға, үйлер мен ғимараттардың шатырларына шығып, электр жеткізу желілерінің сымдарына жақындауға болмайды.
Егер сіз электр қондырғыларының жанында ойнап жүрген балаларды көрсеңіз, оларды тез арада қауіпті аймақтан шығару қажет. Адам кез келген электр тоғымен зақым алған жағдайда жедел медициналық көмек шақыру қажет.

А.Ұлтанбекова 
 

734 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы