• Ақпарат
  • 10 Маусым, 2021

Жобалау ісін жаңғырта білген...

Қазақ ҚСР-іне еңбегі сіңген құрылысшы, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты, «Казгорстройпроект» жобалау институтын (қазіргі – KAZGOR ЖА) 40 жыл бойы үздіксіз басқарған академик Әбдісағит Тәтіғұловты еске алу құрметіне орай орнатылған ­мемориал тақтаның ашылу рәсімі өтті. Мемориал тақта Әбдісағит Шаймұханбетұлының ұзақ жылдар бойы тұрған үйінің қабырғасына орнатылды.

Мемориал тақтаның ресми ашылуында марқұмды студент кезінен танитын замандастары – қоғам қайраткері, публицист Совет Татамбаев пен ҚР ҰИА академигі, профессор Тілес Ақбердин тебірене сөз сөйледі. Олар Әбдісағит Шаймұханбетұлының отандық құрылыс саласын дамытуға қосқан зор үлесі, оның Қазақстанда жобалау ісін ұйымдастыруда ғана емес, қоғамдық, публицистикалық, ғылыми және шығармашылық қызметте де көрініс тапқан көпқырлы таланты туралы әңгімеледі.
– Әбдісағит Шаймұханбетұлы «Қазақстан» қонақүйін жобалауға тікелей қатысты. Бұл ғимараттың салынуы – Қазақстандағы зәулім ғимараттар құрылысының дамуына қуатты серпін берді, – деп атап өтті Совет Алтайбекұлы. 
Тілес Жұматайұлы да замандасы туралы ой толғады: «Әбдісағит Шаймұханбетұлы еліміздің мәдени мұрасына зор үлес қосқан Қазақстанның көрнекті азаматтарының қатарында лайықты орын алады. Оның басшылығымен көптеген бірегей сәулет құрылыстары бой көтерді. Туа біткен табиғи түйсігімен ол ұлттық сәулет тарихын зерттеуге де ерекше назар аударды. Біздің ата-бабаларымыз мазар, мешіт түрінде ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй түрінде де күрделі құрылыстар салғанын дәлелдеді. Оның құрметіне мемориал тақтаның ашылуы еліміздің тарихы мен мәдени құндылықтарына үлкен құрмет белгісі болып саналады».
Мемориал тақтаның ашылу салтанатына Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының атқарушы директоры Ж.Сәдуақасов, «KAZGOR» жобалау академиясының басшылары А.Тәтіғұлов, Т.ЕЕралиев, М.Жаманқұлов, А.Қонысбаев, М.Махамбетов, Ә.Тәтіғұлов, А.Юсуповтар қатысты.

Н.Смайыл
 

1211 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы