• Ақпарат
  • 10 Маусым, 2021

«Қазақ ономастикасы» атты жаңа кітап жарық көрді

Халықаралық Түркі ака­де­миясының ұйымдас­тыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Телқожа Жанұзақов және ономастика  мәселелері» атты жиын өтті. Жиында қазақ ономастикасының негізін қалаған белгілі ғалымның бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.

Мемлекеттік сыйлықтың ­лауреаты, филология ғылымының докторы, профессор Телқожа Жанұзақ тіл білімі ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі. Ономастика секто­рының бас ғылыми қызметкері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының ­лауреаты, ҚР ҒА-ның Шоқан Уәли­ханов атындағы сыйлығының иегері, ҚР Гуманитарлық Ғылым академиясының академигі Телғожа Жанұзақ ономастика мәселелерін тереңнен зерттеп, өлшеусіз еңбек сіңірген бірегей тұлға. Сол үшін де ол «онамастика атасы» атанды. Тіл білімі тарланының еңбегін лайықты бағалап, шығармаларының жарыққа шығуына Халықаралық Түркі академиясы жол ашып отыр. Жиынның модераторы болған Академияның президенті Дархан Қыдырәлі қаты­сушылар алдында ғалымның сүбелі еңбектерінің құндылығы мен маңызын атап өтті.
Жиынға ҚазҰУ Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры Жан­ғара Дәдебаев, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, бел­гілі ғалымдар Әлімхан Жүнісбек, ­Дандай Ысқақов, Рүстембек ­Шойбеков, Қыздархан Рысберген, Бекжан Әбдуәлі, т.б. бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Қазақ ономастикасы» атты жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін атқаруға ортаға филолог-ғалымдар Жанғара Дәдебаев пен Әлімхан Жүнісбеков шақырылып, автордың қатысуымен жаңа жинақтың лентасы қиылды.

Н.БЕЙСЕМБАЕВА

1717 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы