• Ақпарат
  • 10 Маусым, 2021

Ғұмар Қарашты зерттеген...

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының  ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, философия ғылымының ­докторы Берік Аташтың 50 жасқа толуына арналған «Болашақты болжаудың философиялық мәселелері» атты республикалық конференция өтті. Онлайн түрде өткен отырысқа философ ғалымдар мен ЖОО оқытушылары қатысты. 

Берік Аташ –  философия ғылымымен үз­діксіз шұғылданып келе жатқан ғалым. Берік Мұратұлы жоғары оқу орындарындағы оқы­тушылық қызметімен қатар, ұлттық философия, дінтану, әлеуметтану, футурология салаларындағы зерттеулерімен танымал. Ол БҒМ Ғылым комитетінің Философия және саясаттану институтында жұмыс істеген жылдары қазақ руханияты,  ұлттық эстетика, Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы іргелі зерттеулер жүргізді. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Қыздар мемлекеттік университетінде философия және әлеуметтану пәндерінен дәріс оқып, көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Соңғы жылдары гендерологиялық зерттеулермен айналысып, осы саладағы өзекті мәселелерді қозғап жүр. Ғылыми шығармашылықпен үзбей айналысып келе жатқан ғалым бүгінге дейін жарық көрген жүздеген ғылыми мақаланың, көптеген монографиялардың, оқу құралдары мен кітаптардың авторы. 
Конференция модераторы Лесхан Әмірханұлы конференция тақырыбының «Болашақты бол­жаудың философиялық мәселелері» аталғаны  тегін еместігін айтты. Берік Мұратұлы қазіргі уақытта қазақ философтары арасында болашақты болжау ғылымы – футурологиямен тиянақты айналысып келеді. Адамзаттың саналы ғұмыр кешуі мен әлемнің болашағы туралы пайымдарды ұлттық дүниетаныммен ұштастыра қарастыратын ғалым ізденістерінің көкжиегі кең. Жиын барысында Б.Аташ осы тақырыпта баяндама жасап, футурологиялық болжамдарымен таныстырды. 
Ғалым мерейтойына арналған конференция әріптес ғалымдардың құттықтауымен жалғасты. Қазақстан философтары конгресінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті деканының, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті басшылығының құттықтаулары оқылды. Сондай-ақ онлайн-отырыста қазіргі қазақ философиясының өзекті тақырыптары қозғалды. 

Дина ИМАМБАЕВА

1439 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы