• Ақпарат
  • 16 Маусым, 2021

АЛТЫН КӨПІР

«Тұран» университетінде «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты білім беру акциясы аясында ­онлайн-диктант қатысушыларын ­марапаттау рәсімі болып өтті. Аталмыш іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қоғам­дық білім беру жобасы. Жобаның негізгі мақсаты – барша азаматтардың назарын қазақ тілін үйренуге аудару, сауаттылық деңгейін көтеру, кәсіби салада және күнделікті өмірде сауатты сөйлеудің маңыздылығын насихаттау. 

Бұл акцияға 500-ден астам адам қатысты. Диктант қорытындысы ­бойынша 13 «үздік» қатысушы анықталып, олар мақтау қағазымен ­марапатталды. ­Сондай-ақ жеңім­паздарға сыйға КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабы, ҚР Ұлттық кітап­ханасының VIP-билеттері және Алматы облысының 24 мұражайына тегін баруға мүмкіндік беретін М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының арнайы сыйлығы – «Алтын абонемент» сыйға берілді. Ал жұмыстары «жақсы» деп бағалан­ған қатысушылардың барлығы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғылыми кітапханасының абонементіне ие болды. 
Қалған қатысушыларға сертификаттар мен «Тұран» университетінің фирмалық жейделері және акцияның серіктестерінен түрлі сыйлықтар ­табысталды. Олар: ҚР Ұлттық кітап­ха­насынан, Жазушылар одағынан арнайы кітаптар, Ж.Жабаев атындағы Қалалық жасөспірімдер кітапхана­сы­нан сөздіктер, көркем және ғылыми еңбектер, сондай-ақ Қалалық кардио­логия орталығы маманының бір жыл мер­зімдегі ақысыз скринингі мен кеңесі.
«Тіл – достықтың алтын көпірі» атты білім беру акциясы жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі шараға айналмақ. Уни­верситет келесі диктантты 2022 жыл­дың көктемінде өткізуді жоспарлап отыр.   

Нұрлан Айбекұлы

7976 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы