• Әдебиет
  • 06 Сәуір, 2011

Ел сайлаған Елбасы!

Президент тұңғыш болған қазағымнан Ел-жұртын алып шықты азабынан. Береке-бірлікпенен тату бол деп. Әр ұлттың жастарына салды ұран. Сара жолдан сүрінбей өттік аман, «Мен қазақпын» дейтіндей жетті заман. Елбасымды ел болып қолдай білдік Әділетті түсінер білген адам. *** Әлем танып мойындаған Нұр-аға, Дарабоздай дара тұлға ұлы аға. Хан сайлады қалың орман қазағың Туған елдің таңдауы ғой бұл, аға. Алла жар боп, таққа тағы міндіңіз Бас киімді маңдайшаға ілдіңіз. Бауырларын ақ кигізбен көтерді, Қолдай берсін ақ періште, піріңіз! Сабырлы жан сараладың өмірді Төккен тердің жемісі де көрінді. Басқаларға таптатпайтын жерімді Ел сайлаған – Елбасым бар сенімді! Көш бастаған Нұр-аға, көлікті бол, Теңдесі жоқ адамсыз берері мол. Көкбайрақты қазақтың бағы өзіңіз, Тек аман бол – әлбетте, тілерім сол. Айта берсем таусылмайды-ау тілегім, Азияға барыс болар, ірі елім. Түркі елі – Түркістанға тәу етсе, Елбасымның үлесі деп білемін! Дүйсенғали Серікқалиұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын

3475 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы