• Әдебиет
  • 01 Шілде, 2011

Өзекті мәселе өз шешімін табады

«Ана тілі» газетінің 2011 жылғы 12-18 мамырдағы нөмірінде (№19 (1067) Н.Қартбайұлының «Бетің қисық болса...» атты Ақтөбе облыстық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымын сынға алған мақаласы жарық көрген еді. Бұл мақала басылым бетінде жарияланысымен «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы К.Төлеубай бастаған аудандық ұйымдары жетекшілерінің «Мәселенің ақиқатына жүгінейік» атты қарсы мақаласы редакциямызға түсті. Ол материалды «Ана тілі» газетінің осы жылғы 9-15 маусымдағы (№23 (1071) санында жариялағанбыз. Жақында аталған қос мақалаға қатысты Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Нұрқатова ханым редакцияға хат жолдапты. Енді оқырман назарына осы хаттың мәтінін қоса ұсынып отырмыз. 24.06.11 №01-1/363 «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Ж.Кенжалин мырзаға Республикалық «Ана тілі» газетінде (№19 (1067) 2011 жылғы 12-18 мамыр) жарияланған Н.Қартбайұлының «Бетің қисық болса...» атты Ақтөбе облыстық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымындағы жағдайлар туралы мақаласы мен К.Төлеубай бастаған аудандық ұйымдары жетекшілерінің «Мәселенің ақиқатына жүгінейік» (№23 (1071) 2011 жылғы 9-15 маусым) жауабына байланысты хабарлаймыз: Осы мәселеге байланысты облыс әкімдігінде екі тараптың басқосуында пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелерді шешу шаралары қарастырылды. Сонымен бірге «Қазақ тілі» облыстық ұйымының алқа мүшелері де қордаланып қалған жағдайларды талдап, оларды шешу жолдарын белгіледі. Бұған дейін қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту ісінде көптеген игі бастамаларға мұрындық болып рес­публикада белсенді ұйым қатарында көрініп келген Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының құрамында жоғарыдағы келеңсіз жағдайлардың орын алуына орай қынжылысымызды білдіре отырып, ағымдағы жылдың шілде айында өтетін ұйымның есептік-сайлау жиынында қордаланып қалған өзекті мәселелер өзінің толық шешімін табады деген сенімімізді білдіреміз. С.Нұрқатова, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

2448 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы