• Әдебиет
  • 01 Шілде, 2011

Нұрсұлтан – Алаштың асыл перзенті

d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b216Жұртының жүгін арқасына арттырған, Азаматын арғымақтай жорттырған, Қорқыт бабаның қара қобызын Өнерпазына аңыратып тарттырған, Өнбейтін дау-дамайдан сырт тұрған, Өспейтін жолдан тұлпарының басын шалт бұрған, Билік өнеріне жаңаша дәстүр-салт құрған, «Жақсылығыңды Қазағыма бере гөр!» – деп, Құдайға күн сайын құлдық ұрған. Азамзаттың ақыны атанған Олжастай данышпанға сәуегейлік сөзін айттырған, Жүз сан ұлтты сүттей ұйыттырған, Жас ұрпаққа ұлт намысын жырттырған; Кең даласын құшағына сыйдырған, Ата-бабаның асыл сөздерін жидырған, Тасқа бастырып, құрыштан құйдырған, Халқына пайдасы жоқ мансапқұмарларды Жылы орындарынан тайдырған. Арманда кеткен «Алашорда» арыстарының Үлгі-өнегесін еліне қайта таратып, жайдырған, Асыл сөздерін көк мәрмәрға ойдырған, Нарықтық экономиканың қыспағынан, Жамағатын алып шығып, асқа тойдырған, Ел үмітін бір биікке қондырған, Болам дегендерді болдырған, Толам дегендерді толдырған, Шекесінен қарап менсінбеген Алпауыт империяларды есінен тандырған, Көздерін талдырған. Бұлақ бұзылса – басынан тұндырған, Алтыбақан ауыздықты қойдырған, Ескі ұғым-түсініктердің белін сындырған, Коммунистік-атеистік тәрбиені тыйдырған, Ұлтының рухани шөлін қандырған, Жұртының бағын жандырған, Мекке-Мединеге тәуап қылдырған, Құрбан Айтқа көк қошқар сойдырған, Тәуелсіз Отанын әлемге мәшһүр ел қылған, Сары Арқаның төсіне жаңа Астана салдырған, Оған да арнап бозқасқа шалдырған, Еуразия Университетінің төріне – Орхон-Енисей ескерткішінің көшірмесін алдырған. Тапқырлығымен халқын қайран қалдырған, Ұрпақтан ұрпаққа жетер ұлы істерді тындырған! Бөтенге күйе жақпаған, Бопсалап кінә тақпаған, Ел тағдыры сын-сынаққа түскенде Бойтасалап бұқпаған, Өсер ұланның бетін қақпаған, Ақорданың төбесінде көкке қарай желбіреген Көкбайрағын жықпаған. Кісілік қалпынан шықпаған, Президенттер алдында тізесі қалтырап ықпаған, Отанының шекарасын нықтаған, Төрт құбыласын мықтаған. Көп ұлтты халқы саясатын құптаған, Жұртының жоғын жоқтаған, Сәйгүліктерін баптаған, Ана сүтін ақтаған, Ата салтын сақтаған, Аталы сөзге тоқтаған! Мемлекет тізгінін қолында берік ұстаған, Қазақстанын тек қана алға бастаған, Ақындарын ардақтап, Даналарын қостаған. Қиындықтан саспаған, Қалтырап, қорқып қашпаған, Мейманасы таспаған, «Болдым, толдым» – деп аспаған, Ел байлығын шашпаған, Алашының ақ дастарқанына Арамнан бір дәм қоспаған, Таланттардың талабын ұштаған! Елін тура жолмен жүргізген, Алқалы топқа кіргізген, Қазағының қадір-қасиетін Жат жұрттарға білгізген, Болашағына сенгізген, Кереметін көргізген, Сірескен сіреу сеңді үзген, Дамыған алып мемлекеттердің Тәкаппар басын игізген, Ұлтын ұлықтатып сүйгізген, ТМД республикаларының Елбасыларын соңына ергізген, Меруерттей ой түзген, Жауһардай ән мен жыр тізген! Халқына бақ тілеген, Қырандай жайнап түлеген, Ұлтына сеніп әрқашан, Арқасын оған тіреген, Азуын айға білеген, Қыдыр үйіне түнеген, Жетімдерді жебеген, Әлсіздерді сүйеген, Арда туған көбеген, Мұғжизадай көреген! Қазақстанның көсемі, Сөйлесе сөздің шешені! Тұлғасы тұтас бірегей – Ақыл - ойдың кешені! Сирек келер дүниеге Бір кемеңгер көшелі! Байтақ жері, елі бар, Өз жұрты – өлең төсегі, Бізге жеткен көзіндей – Асылдардың кешегі! Абылайдың ақ жолын жалғаған, Бірлік жырын толғаған. Теміртаудан түлеп ұшып, Бар өмірін өз халқына арнаған. Биіктерге самғаған, Қанатын көкте қомдаған, Төменге әсте қонбаған, Ізденістен тынбаған, Ізгіліктен танбаған Тар жол, тайғақ кешуде, Табаны бір таймаған. Асқар шыңдарды таңдаған, Көп жайды ерте аңдаған, Елінің қамын ойлаған, Тереңге сүңгіп бойлаған, Талабын Тәңір оңдаған, Әрқашан алқап, қорғаған, Барша аруақ қолдаған, Қасиетін халқы құндаған Нұрсұлтан – Алаштың асыл перзенті, Басыңа бақ орнаған !! Ұлты үшін ересен еңбек еткен, Елімен бірге абыройға жеткен, Айналасы 20 жылдың ішінде Есімі әлемді шарлап кеткен, Назарбаев – ұлы реформатор, Бір ісінен бір ісі өткен! Даңқы дүниені дүбірлеткен, Бодандықтан – Тәуелсіздікке жеткізу үшін Халқы 300 жыл күткен Елдің ересен ері – Ұлтының маңдайына біткен!! Арыстандай айбарлы, Алтайы арландай жайдарлы, Ертегі тілмен айтсақ: Қазақтың бір ұлы – алтын айдарлы, Саясаттың мың құбылған майданында, Сыр бермес сындарлы, Парасатына қарапайымдылығы жарасқан, Пайғамбар дидарлы, Әлемді таңдандырған ұлағатты ойлары. Сарқылмас бұлақтай қайнарлы, Көтерді көкке сол үшін елі – Нұсұлтандай заңғарды! Алаш мұратын ойлады, Ой түбіне бойлады. Тәуекел етіп, тас жұтып, Ұлы іске белін байлады. Кеңесуге кеңінен – Ғалымдарды жинады Кеңес соңы келелі – Астанасына Қазақтың Ақмоланы сайлады ! Бас-аяғы 10 жылда, Шаһар гүлдей жайнады Аумағында бас қала, Қызу еңбек қайнады. Ел таныған текті ерді, Тәңір әман жеткерді, Ақмолаға Нұрсұлтан Астана! – деп ат берді. Астанамен бірге өзі Басынан көп жай өткерді. Қызмет беріп салды іске, Әкім, би мен бектерді. Салтанатты кент етті, Ақмола деген бөктерді! Жаңа астана салуда, Алды қиын шептерді! Осынау ұзақ жолды ұзын, Ерекше қылып үлгі-ізін Жандырды Алла биіктен, Нұрсұлтанның жұлдызын! Пәрменімен жарылқап, Адалдан қылды дәм-тұзын, Шетелдерде оқытты, Қазақтың талай ұл-қызын. Парасатымен кемеңгер, Мойындатты жер жүзін! Асыл ер іске қайратты, Елін де, Өзін сыйлатты! Қиындықтардың қамалын, Қабанбай батырша қиратты, Кедергілерді кес-кестеген, Бөгенбай батырша жайратты! Қазақстанды ЕҚЫҰ-ға Төраға етіп сайратты! Еуропаның қақ төрін. Хан тағындай жайлатты, 50 елге билік құрдыртып, Алаш ұлын бұлбұлдай сайратты! Жоқ оның бойында – асып-тасу, Сын-сағатта абдырап, сасу, Жыр-әні – Қазақстаны, Ұраны – тек қана алға басу! Ауыртпалықтар алдынан шыққанда, Көрсеткен емес титтей де жасу. Алынды барлық асқар-асу ! Мақсаты – туған мемлекетін, Әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосу! Қазіргі заман – өркениеттер жарысы, Әлем – Жаһандануға көшті дұрысы. Осы бір аласапыран дәуірде, Ұлтымның кем болмаса екен! – дейді, – ырысы! Жайылса екен дейді – кеңге өрісі! Артса екен! – дейді – ырысы! Ол – жер аралап шыққан, Алаштың ортамызда жүрген бір арысы! Көкке қарап Тәңірге арзу айтқан, Көк түріктердің – бүгінгі Көкбөрісі! Елім болса екен дейді, – ХХІ ғасырдың барысы! Адамзатты жалт қаратты зор дауысы! Қолдап тұр оны Қазақстанның қалың қазақ,орысы... Өзгеше тұрпат-тұрысы – Осылай болса керек-ті кемел туған ер ісі! Мөлдіреп тұрған нұр - іші, Секілді жаны – ақылдың алтын кеніші! Әр таңын ақ тілекпен атыратын, Әр күнін еңбекпенен батыратын, Жұртының қамын ойлап дамыл таппай, Түн қатып, тапжылмай отыратын, Саясаттың сары қымызын сапыратын, Тірескендерді ақыл-айласымен жапыратын, Ұлы билердің үлгісін тұтынатын, Ырза қылған жұртын тапқырлығымен, Халқы сайлап алды Президент қып – Аймаңдайлы арыстан жалды азаматын! Айтар тілек: Ұлы елдердің қатарына қоссын, Дәуірлетіп дүниежүзіне Қазақ атын! Хамитбек МҰСАБАЕВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері

4305 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы