• Ақпарат
  • 03 Қараша, 2011

«Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапкершілігі зор

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – еліміздің өркендеуіне, экономикалық табыстарға қол жеткізуінде өзіндік үлесін қосып келе жатқан қордың бірі. Қордың жетекшілігімен, демеуші болуымен көптеген ірі жобалар жүзеге асырылып келе жатқаны көпшілікке аян. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тек экономикалық бағытта ғана емес, ол сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне үн қосып келеді. Оның дәлелі – ұлттық қордың әйгілі «Википедия» сайтының қазақша нұсқасын дамытуға бас демеуші болып табылатындығы. Кеше «Қазақша Википедия» жобасындағы мақалалардың 100 000-нан асуына байланысты Ұлттық Баспасөз орталығында жиын болып өтті. Оған Wikibilim қорының жетекшісі Ра­уан Кенжеханұлы, ҚР Парламенті Мәжілі­сі­нің депутаты Мұрат Әбенов, «Казконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Владимир Тутыкин, Nokia компаниясының оңтүстік және ТМД елдері бойынша Бас менеджері Карел Голуб қатысты. Шара барысында сөз алғандар «Қазақша Википедия» жобасы туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сондай-ақ «Қазақша Википедия» жобасының ашылу күнінен бастап, оған өздерінің көптеген мақалаларын жолдап, сайт қорының қарқынды дамуына өз үлесін қосқан авторларға сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның атынан жарияланған вики-бәйгеге 200-ден аса адам қатысты. Оның шартына сай, Википедияға қазақ тілінде 100 мақала салған алғашқы 100 адам ноутбукке ие болды. Ақпарат: «Википедия» – әлемдегі ең танымал он интернет брендтің қатарында тұрған жалғыз қоғамдық үлгідегі веб-сайт. Бұл – ғаламтордың әлеуметтік қуатын айғақтаған алғашқы интеллектуалдық және коммерциялық емес жоба. Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

3463 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы