• Әдебиет
  • 06 Қаңтар, 2012

Ескі жылмен қоштасу

немесе  Жаңа жыл туралы жазылмаған өлең Жарас Сәрсек Тірлік жіпке түбі үзілер, байланып, Мың құбылған аспан сынды өмір-ай! Ескі жылым естелікке айналып, Есімде алған, ескірмейтін көңіл-ай! Тағы бір жыл тереземді қағып тұр, 360 күнге түйіп қабағын. Тағы бір жыл ту сыртымда қалып тұр, Қоштаспауға амалым жоқ, амалым. Досымдай боп, бірде маған көріндің, Жабыққанда тек жанымнан табылып. Қасымдай боп, бірде жаман жеріндің, Қағып кеттің көп жақсымды қағынып. Менің сана түкпірімде қаласың, Мөлт-мөлт еткен дәуренімнің көзі боп. Есігімді сырттан жауып барасың, Енді саған айтар елдің сөзі жоқ. Ей, Ескі жыл, Інің үйге еніп тұр, Танысуға, табысуға мұрсат бер. Мен де өзіме, Ол да өзіне сеніп тұр, Сөйлесуге рұқсат бер...

22766 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы