• Әдебиет
  • 15 Наурыз, 2012

Көктем әуендері

d0b1d0b5d0bad0b1d0bed0bbd0b0d182Алматы қаласында балалар дәрігері болып қызмет етіп жүрген Бекболат Сүлейменов Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат өңірінде туып-өскен. 1987 жылы Семей медициналық институтын бітірді. Балалар ауруханаларында, аудандық емханаларда бала дәрігері, бас дәрігер болды. Алматыдағы Х.Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми жұмыстармен шұғылданды. Медицина ғылымының кандидаты. 70-тен астам ғылыми еңбектері елімізде және шетелдерде жарық көрген. Сондай-ақ бірнеше монография мен оқу-әдістемелік оқу құралдарының авторы. Сонымен қатар Бекболат ақындықты да серік еткен. Өлең-жырлары жергілікті баспасөзде жарияланып жүр. Біз бүгін Бекболаттың бір топ өлеңдерін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Көктем келді қырларға, көктем келді. Тал-теректер тұр міне, көктегелі. Менің дағы жүрегім тулап жатыр, Дүрсілімен тербелтіп от денені. Көктем келді, аймаққа, көктем келді. Көрмеп едім серпіліп көптен бері. Бұлаң қағып, жымиып ақты жылға Ақ бұлақтар суарып кепкен белді. Көктем келді, мен күткен, көктем келді. Жасандырып, түрлентіп, Көктөбемді. Қос қарлығаш, ақ тамақ, ұя басар, Айналып жүр үйімді. Кетпейді енді. Көктем келді, өңірге, көктем келді. Құлпыртып гүлге бөлеп көк белдерді. Көктеп жатыр төңірек, бүкіл дала. Жадыраған күн нұры өктем енді. * * * Көктемнің құшып шуағын, Тауларға жиі шығамын. Ысырып түннің тұмарын, Таң болып атты бұла күн. Айнала сылқым сұлудай, Таң нұрына бөленді. Бұлақтың мөлдір суыңдай, Жазсам ғой, шіркін, өлеңді. Бәйшешек әсем күйге еніп Шешегін атып жайнайды. Көбелек пенен инелік, Аралап гүлді ойнайды. Шық жамылған жапырақ, Бусанып сәл терледі. Шегіртке бәрін бақылап, Бұталарға өрледі. Ғажайып ғалам дүрілдеп, Күнге қолын созады. Көктем келді күлімдеп, Кетіп қыстың азабы. Құлпырады шоқ гүлдер Қөшесінде қаланың. Сыңғыр-сыңғыр шат үндер Күлкісіндей баланың. Арулардың көркіндей Құлпырып тұр айнала. Ғашықтық дерт өртіндей Сезім құяр санаға. Саған інкәр сезімдер Гүл көктемнен табылды. Жалт қараған көзіңді Жан-жүрегім сағынды. * * * Көктем келді. Кеттік қырға. Бүкіл дала көктеді. Аралап бір қайтайықшы, Тамашалап көк белді. Жалаң аяқ жүгірейік. Қол ұстасып, қыр асып. Шаршап қалсаң отырайық. Жүректерден сыр ашып. Есіңде ме салған әнің. Сол әніңді сағындым. Шырқа тағы маған арнап, Сезім сырын Лағылым! Бетімізді жуайықшы. Таудың мөлдір суымен. Өкпе-мұңды қуайықшы Махаббаттың жырымен. * * * Білесің бе? Бәйшешектің Алуан түрін сыйладым. Жан сырымды жырмен айттым. Жауап қатпай қинадың. Ал мен болсам, үнсіз қалып, Нұр жүзіңе қараймын. Жанарыңмен ұғындырдың, Жан сырыңды, арайлым. Әлі есімде, самал соқты. Екеумізді аялап. Сезімге жыр құйғандай-ақ, Біз отырған саябақ. Дәл сол кезде төбемізден, Қаздар ұшты қаңқылдап. Ақ армандар самғағандай, Ақ көңілден шалқып-ақ. Мен сонан соң жырмен айттым, Бір өзінді құшуды. Ал сен болсаң, армандадың, Қол ұстасып ұшуды. Көп отырдық көк майсада, Көк аспанға көз тігіп. Армандаушы ек сол кездерде, Болашақты сөз қылып. Сол армандар алыс емес, Қасыңда еді, Жарқыным Бүгін міне, болды елес Тербеп сезім толқынын. Бәлкім тағы кездесерміз. Кездесерміз басқа әнмен. Бір кездегі біз сияқты, Арман қуған жастармен. Ғашық жырын әлдилейік. Әлдилейік шат әнмен. Олар да бір табыссыншы, Арманымен, ақ таңмен.

20013 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы