• Тіл
  • 26 Сәуір, 2012

Қадыр ақынның қайталанбас ой-өрнектері

Таяуда қазақтың ақиық ақыны Қадыр Мырза Әлидің «Мәңгі майдан» кітабын оқып бітірген едім. «Қадыр Музасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар. Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек, сыры терең» деп, ғалым-жазушы З.Қабдолов зор баға бергендей, Қадыр өлеңдерінің басты тақырыбы – адам тағдырын, адамның тіршіліктегі сан алуан мінездерін саралайды, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады. Қадыр өлеңдерінде ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып, көрікті ойды көрікті етіп, адам санасына әсер ететіндей шебер өрнектеген. Мұғалімім Бақытқаным Самиғоллақызымен кеңесе отырып, ақын өлеңдеріндегі ауыс­палы мағыналы сөздердің мән-мазмұнына өзімше үңілгім келді. Мәселен, Тарылып жүр тынысым, Түрі мынау саулықтың. Сыймай кетті жұмысым Сауытына тәуліктің. Кезеңде мына ұрымтал, Қаламгер досым, қал тулап. Иілгенменен өрім тал, Илене қоймас көн-тулақ. («Тарылып жүр тынысым») Бұл жерде «тулап», «көн- тулақ» деген сөздер ауыспалы мағынада тұр. «Қаламгер досым, тулап қал» дегені «айтарыңды айт, жастарды сынарсың, мен саған көнбеспін» деген мағынаны нұсқайды. Теседі сұрақ көкейді, Парызды қалай өтейді? Жек көрем Жуас жандарға Тізесі батқан дөкейді. Асылды орып шапқандар, Аузымды менің қапқандар! Жұмысын жұртқа істетіп, Жұлдызын өзі таққан бар. Жақсы адамдарды пайдала­нып, еңбегін елемей, өз құлқында­рын көксеп, мұратқа жеткендерді ақын улы тілімен осылай түйрепті. Бой болғанмен, Ақымақтың Түн болмайды ойында Оты бар да, шақпақтың Жылуы жоқ бойында Бұл жолдарда «шақпақ» деп ақын дарынсыз адамдарды мең­зеп отыр. Көңілдегі гүлдеріме Ысы қонды мұржаның. Наразымын күндеріме, Түндеріме ырзамын. «Көңілдегі гүлдеріме») Тағдыр желі ысқырған Бәлкім шаттық, Бәлкім мұң... Қолтығына қыстырған Градуснигімін халқымның! («Шежіреші өлеңім») «Көңіліме мұржаның ысы қонды» деп ақын көңіліне қаяу түсірген сәтті бейнелейді. Ақын өзін «халқымның қолтығына қыстырған градуснигімін» дейді. Себебі – ақын өлеңдерінің бәрінде де халқының мінезін, бүкіл болмыс-бітімін көз алдыңызға әкеледі. Асыл жүйке қағынып, Ақыл аздап жүр аңсап. Аяқ асты жаңылып, Сүрінуім бір-ақ сәт. Ой күзетіп бағайын Оңашада... Шам жақпа! Туыстар мен ағайын Тартқылайды жан-жаққа!... Ақынның бірқатар өлеңдері адам­дық пен екіжүзділіктің, көзге кү­ліп, сырттай кесек лақтырып көл­­гірситіндердің, үндемей жү­­ріп, іштен шалатын, пәле іздеп жала жабатын арызқойлардың, сырт­қа адалмын деп жар салып, іші­нен жауыздық ойлайтындардың бетпердесін ашып сынайды. Жақсылардың жолында кес-кестеген теріс пиғылдағылар тұра­тын­дығын айта келіп, оларды жеңетін әділдікті ақын іздейді. Жантықтар есебі, Жолыңды кеседі. Қос дәуді айдап сап, Бос кеуде өседі. Біреулер түйеді, Біреулер күйеді. Жаманның кесірі Жақсыға тиеді. Өмірде жақсылардың іс­теген ісі еленбей, керісінше, пы­сы­қай­лардың өтірік сөздері мінбеде қалықтап, дәуірлеп тұратынды­ғын ақын дәл айтқан. Бомба болып жабайы, Төбемізден жай түсу. Сол баяғы ағайын, Сол баяғы айтысу. Қанаттарын қомдайды Миғұла да, Зерек те! Барлығы да ойлайды, Мен жеңуім керек деп. Өстіп жүріп қырқылып, Теріп тірлік қиқымын. Құлаймыз ғой бір күні Құдығына ұйқының. Қастерлесең, Дала деген ұлы үйді, Кеткен ұлға қалай ішің жылиды, Бәрінің де бөлтірігі бүгінде Батысыңның әуенімен ұлиды! Осы өлең жолдарындағы «қанат», «қырқылып», «теріп», «қи­­қы­мын», «құлаймыз», «құды­ғына», «ұйқының» сөздері – ауыс­палы ма­ғынадағы сөздер. Ағайын ара­сындағы, қала берді, басқа адам­дардың арасындағы аяқтан шалу, жақсының жақсылығын көре алмаушылықты ұшқыр сөз­де­рімен бейнелеген. Нұрсезім САРҒҰЛАҚОВА, Жәңгір хан атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы

4344 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы