• Мәдениет
  • 29 Қаңтар, 2009

«Көңіл алаң»

Жуырда «Жалын» баспасынан белгілі жас қаламгер Алмат ИСӘДІЛДІҢ «Көңіл алаң...» атты жыр жинағы жарық көрді.

Бұл кітап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігінің бағдарламасы бойынша шығып отыр. «Жүріп келем ескі жолмен баяғы, Талмаса екен аяғым. Сәйгүлікше шабам ба деп ойлап ем, Тасбақаша — аяңым» — деп жырлайтын ақын бұған дейін оқырмандарына «Жолдар, жолдар» атты тырнақалды кітабын ұсынып үлгерген-ді. Оқырмандарға жол тартқан «Көңіл алаң...» Алмат Исәділдің екінші кітабы. Бұл поэзия әлемінде ақынның «тасбақа аяңмен» келе жатпағанын көрсетсе керек. Ақынның замана мінезін беретін поэзиясының негізгі өзегі — адам тағдыры. Татымды туындыны тағдырлы жан ғана туғыза алады. Әке-шешеден ерте айрылған ақын бауырымыздың жинағы бізге осыны аңғартты. Қалың оқырманды нәзік лирикасымен баураған сезімтал жас ақынның жинағына «Өмір мұңы», «Сезім сыры» деген екі бөлімге топтастырылған өлеңдері және жас ақынның аудармалары еніп отыр.

3036 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы