• Тіл
  • 03 Мамыр, 2012

Оңдасынов пен Омаров атына көше берілсе...

«Ана тілі» газетінің тұрақты авторы әрі «Ұлы дала атаулары» айдарын жүргізуші геолог ғалым, өлкетанушы, картография саласының ардагері Молдияр Серікбайұлы осыдан біраз бұрын Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атына хат жолдаған еді. Таяуда сол хатқа жолданған жауапты хат авторының өзі редакцияға әкелді. Иісі қазаққа ортақ тұлғаларға көше беру және ел мен жер атауын қазақыландыру мәселесі айтылғандықтан, оқырмандар назарына жауап-хаттың толық мәтінін ұсынуды жөн көрдік.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ

Алматы қаласы Достық даңғылы, 47 үйдің тұрғыны М.Серікбаевқа Сіздің 2012 жылғы 5 наурызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың атына жазған хатыңызға байланысты мына жайды хабарлаймын. Нұртас Оңдасынов пен Ілияс Омаровтың есімдерін Өскемен қаласының бір даңғылына беру туралы ұсынысыңызды орынды деп санаймыз. Ал Глубокое ауданының орталығы Глубокое кентін бабаларымыз «Ақтас», Предгорное ауылын – «Қызылжар», Березовканы – «Жалаңаш» деп атаған. Мұндай мәліметтер бізге белгілі. Осы елді мекендердің тарихи атауларын қайтару мәселесіне келгенде сол ауыл­дарда тұратын тұрғындардың ұлттық құрамы қиыншылықтар туғызуда. Күршім ауданындағы Шірікаяқ ауылы бұрыннан бері осылай аталып және жазылып жүр, орысша транскрипциясында «Чердояк» деп жазылған. Риддер қаласын «Д.Қонаев қаласы» деп өзгерту туралы ұсыныстар облысымызда көтеріліп және айтылып жүр. Алдағы уақытта қала тұрғындары арасында оң қоғамдық пікір қалыптастыру жұмыстары жүргізілетін болады. Құрметпен, Басқарма бастығы М.Мұхамеджанов

3046 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы