• Тіл
  • 13 Сәуір, 2009

Прокурорлар тілдің жайын сөз етті

Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуроры, 2-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі А.В.Константинов мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның қолданылу аясын кеңейту мақсатына арналған алқалы басқосу өткізді. «Мемлекеттік тіл саясаты Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратура қызметінде» тақырыбына арналған дөңгелек үстелді Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокурорының орынбасары Ерлан Баймұхаметов басқарды. Мемлекеттік тілдің беделін көтеру төңірегіндегі қозғалған көптеген келелі мәселелердің түйінін шешуге арналған пікірталасқа «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Алматы қаласы Алмалы аудандық филиалының өкілі Арайлым Ноғайбаева, Қазақстан Республикасы Бас Әскери прокурорының аға көмекшісі Болат Тазабеков, Бас Әскери прокурорының мемлекеттік тіл жөніндегі бас маманы Светлана Бекшалова, Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаментінің Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Айгүл Байділдаева, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік тіл жөніндегі бас маманы Кенже Мухлис, Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокурорының орынбасарлары, тағы да басқа көлік прокуратурасының басқарма және бөлім бастықтары қатысып, тіл төңірегіндегі өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісті. Солардың ішінде Арыс, Жамбыл, Талдықорған, Шымкент, Достық, Семей, Шығыс Қазақстан көлік прокурорларының мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізудің оңтайлы әдістері туралы айтқан әңгімелері өз мазмұндылығымен жұрт назарын аударды. Бұл басқосудың әдеттегі жиындардан бір өзгешелігі, тіл жөніндегі пікірталасқа Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының оқытушысы, профессор Дариға Тұранқұлова бастаған оқу орнының студенттері қатысып, мемлекеттік тілге байланысты қойылымдар көрсетті. Сәлима Әбрешова, Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратурасының баспасөз қызметкері

3015 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы