• Қоғам
  • 13 Сәуір, 2009

Әлеуметтік маңызы бар жобалар қолдау тапты

Жақында Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік маңызы бар жаңа жобалардың тұсаукесер рәсімін өткізді. Аталған шараға «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстанның Азаматтық Алянсы және де көптеген отандық БАҚ құралдары, Мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері, халықаралық ұйымдар қатысты.  Тұсаукесерді Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева өткізді. Ол жиналған көпшілікке Елбасының МЕҰ-мен әріптесту туралы тапсырмаларының орындалу барасын және министрлік өткізіп жатқан әлеуметтік маңызы бар жобаларды жетілдірілу үрдістері хақында кеңінен әңгімелеп берді. Қозғалған жайдың жалпы мазмұнына сүйенсек, бірінші азаматтық форумдағы Елбасы тапсырмасына орай 2003 жылдан бері үкімет әлеуметтік маңызы бар жобаларға тапсырыс беріп келеді екен. Жыл сайын осынау мақсатқа қыруар қаржы кетіпті. Ал екінші форумда әлемдегі жаңа өзгерістерге байланысты Елбасы бұл салаға және 1 млрд. теңге көлемінде қосымша үстеме қосуға үкім еткен. Жалпы, 2008 жылдан бері ел аумағында Мемлекеттік емес ұйымдарды қолдау үшін 1,8 млрд. теңге шығындалыпты. «Елдегі қиын да күрделі экономикалық жағдаятқа қарамастан мемлекет МЕҰ-ды қаржыландыруды бір тиынға да қысқартпады. Керек десеңіз, бөлінетін қаржы мөлшері бұрынғыға қарағанда 23 пайызға өсіп, 917,2 млн.теңгені құрады» деді Ж.Құрманғалиева. Әрине, ендігі алда тұрған мақсат осы қаржыны текке ысырап етпей, оның жариялы түрде мұқтаж жерлерге жұмсалуын қамтамасыз ету болып отыр. Бұдан бөлек, министрлік конкурсқа қатысатын құжаттардың жетілдірілу мәселесімен жемісті айналысу үстінде көрінеді. «Өз кезегінде бұл міндеттер МЕҰ-дың өздерімен тікелей байланысу арқылы атқарылып келеді» дейді сарапшылар. Ж.Құрманғалиева беделді ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, сөз ретінде Қазақстанның азаматтық алянсының бет-бейнесі болып жүрген мәжіліс депудаты Айгүл Соловьеваға, сондай-ақ аталған бастамаға жан аямай атсалысқан барлық МЕҰ-мен өз тәжірибелерімен бөлісіп, стратегиялық ақыл-кеңестен тартынбаған халықаралық ұйымдарға алғысын жеткізді. Бұған бірінші кезекті себеп болған жайт, былтырғы жылы ақпарат және мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар жобалардың көрмесі екендігі мәлім. Сол кезде жеңімпаз болған 30-дай жобаның есеп құжаттары осы жолы ортаға салынды. Жалпы, биылғы Жолдаудағы басымдықтардың орындалуына бағдарлама бюджетінің жартысынан астамы жұмсалмақ көрінеді. Атап айтқанда, жалпы сомманың жастар ұйымдары үшін 8 пайыз, гендерлік теңдік пен отбасыны сақтауға бағытталған ұйымдарға 5 пайыз, ал азаматтардың құқығымен мүддесін көздейтін ұйымдарға 9 пайыз бөлінбекші екен. «Бұл бір-бірімен байланысты екіжақты жүйе болмақ» деді Ж.Құрманғалиева. Яғни «үкімет қазіргідей аумалы-төкпелі кезеңде МЕҰ-ға демесін жасайды, ал МЕҰ Үкіметке сенімді тірек болады». Шәмілдүр Фарабитегі

3216 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы