• Тіл
  • 13 Сәуір, 2009

Тілім барда...

Нағашыбай Мұқатов – Қостанай қаласының тұрғыны. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Сөйле, жүрек», «Айналайын адамдар», «Ақ бұлақ», «Жанымның жасыл жапырақтары» т.б. бірнеше өлең кітаптарының авторы. Шындық қуып, шындық туып, шын күлдім, Шаттығымның шағаласы бұл бір күн. Тілім жоқта тұнжыраған сақаумын, Тілім барда дүлділмін мен, бұлбұлмын. Көшке ілескен көп пенденің бірімін, Кісі көрсем жылы жүзбен жібідім. Тілім жоқта мәңгі оянбас мүрдемін, Тілім барда тірімін де ірімін. Еңсең бүгін тым ерекше ер елім, Еңісіңе өлең дәнін себемін. Тілім жоқта сусыз қалған балықпын, Тілім барда тік желкенді кемемін. Бақыр басты баршаменен бай көрдім, Халқым барда қашан маған қайғы ердің. Тілім жоқта айналам тас қараңғы Тілім барда айналам кіл ай мен күн. Өрттей жанды өмір бойы өзегім, Титтейімнен тәнмен, жанмен сеземін. Тілім жоқта домбыра мен қос шексіз Тілім барда оркестрмін тек өзім. Ащы дәмін таттым талай түтіннің, Сан саясат санамды арбап, ұтылдым. Тілім жоқта тірі пенде мені ұқпас Тілім барда түп-түгелмін, бүтінмін.

4384 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы