• Мәдениет
  • 13 Сәуір, 2009

Қазақ әнінің жоқшысы

2009 жылдың 3 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясында қазақ музыкатанушыларының қарлығаштарының бірі Алма Зарабқызы Темірбекованың 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған зерттеуші шәкірттері мен әріптестерінің құрметіне ие болды. Алма Зарабқызы ұстаздары В.М.Беляевтің, А.Қ.Жұбановтың, Б.Г.Ерзаковичтің дәстүрлерін жалғастырушы ретінде қазақстандық музыка әлеміне кеңінен таныс. Ол 1949 жылы П.И.Чайковский атындағы музыка училищесін, 1954 жылы Құрманғазы атындағы Алматының мемлекеттік консерваториясын үздік тәмәмдап, бүкіл саналы ғұмырын қазақ музыкасын зерттеуге арнаған ерекше дарын иесі. Ғалымның қазақ музыка мәдениетінен құнды ақпар беретін «Қазақтың халық әндері», «Қазақтың кеңестік халық әндерінің гармоникалық ұйқасының негізі», «Інжу-маржан шоғыры» атты кітаптарының орны бір төбе. Бұған қоса Алма Зарабқызының өңдеп, толықтыруымен «Қазақтың әдет-ғұрып, отбасылық-тұрмыстық әндері» атты жинақ, «Қазақ музыкасының тарихы» екі томдығы жарық көрді. Алма Зарабқызы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыка бөлімінде Құрманғазы атындағы ҚҰК қазақ музыкасы және фольклор кафедрасында, университеттің фольклорлық зертханасында қажырлы қызмет атқарып, білікті этнограф, зерттеуші, ұлағатты ұстаз ретінде танылды. Үлттық саз өнерінің інжу-маржанын халық игілігіне айналдырған Алма Зарабқызы қандай қошеметке де лайық екені даусыз. Жанар Елдосқызы

2320 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы