• Әдебиет
  • 17 Сәуір, 2009

Фарабитану — қазақты тану

Сәуірдің оныншы жұлдызында әл-Фараби атындағы №145 мектепте «Руханият» тобының жетекшісі, тәлімгер ұстаз, Білім беру ісінің үздігі Ұлман Досайқызының ұйымдастыруымен «Отырардан шыққан ойшыл» атты Фарабитану онкүндігі өтті. Осы шара аясында мектепте фарабитанушы ғалым, жазушы, «Білім» баспасының директоры Жарылқасын Нұсқабайұлымен «Оянған ұлттық рух» атты кездесу өткізілді. Шымылдығы «Айналайын» би тобының бүлдіршін бишілерінің «Дала гүлі» биімен ашылған кеш фарабитанушы ғалым Жарылқасын Нұсқабайұлының мәнді де мағыналы әңгімесімен жалғасын тапты. Тағылымы мол әңгімесін әл-Фараби бабамыздың өмір жолы мен шығармашылық еңбектерінің біз білмейтін қырларымен таныстыра отырып, 2006 жылдың наурыз айында Сирия мемлекетінің астанасы Дамаск қаласындағы Шығыстың шайыры, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ұлы ғалымның басына барғандағы сапарынан алған әсерімен бөлісті. Назерке ЖҰМАБАЙ

3205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы