• Әдебиет
  • 17 Сәуір, 2009

Есті көрсең кем деме... (Асан қайғы)

Есті көрсең кем деме, Бәрі тұйғын табылмас, Қарындасың жамандап, Өзіңе туған табылмас. Адам әзіз айтар деп Көңіліңді салмағыл. Нәпсі алдаушы дұспаның Насихатын алмағыл. Бақыты оянған ерлердің Әрбір ісі оң болар, Дәулеті күнге артылып, Не қылса да, мол болар, Тазылары түлкі алып, Қаршығасы қаз іліп, Сөз сөйлесе жөн болып, Не десе де жарасар, Бай, байсын деп ат қойып, Ел аузына қарасар. Арғымаққа міндім деп Артқы топтан адаспа, Күнінде өзім болдым деп, Кең пейілге таласпа, Артық үшін айтысып Достарыңмен санаспа. Ғылымым жұрттан асты деп, Кеңессіз сөз бастама, Жеңемін деп біреуді Өтірік сөзбен қостама

30473 рет

көрсетілді

9

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы