• Мәдениет
  • 29 Қаңтар, 2009

Шын шебер

Алматы баспасынан журналист Өтеш Қырғызбаевтың аудармашы, ғалым Ісләм Жарылғапов туралы зерттеу кітабы жарық көрді.Ісләм Жарылғапов есімі қазақ жұртшылығына ең алдымен сөз, термин жасаушы ғалым ретінде жақсы таныс.

Сөз зергері кезінде өзі жайында былай деп те айтып кеткен еді:

Көп тілден түйіп ой-сезім,

Төл тілдің аршып көл көзін.

Төлдетіп ана тілімді,

Бес мың сөз қостым мен өзім.

Ісләм ағамыздың бұлай мақтанатын да реті бар. Уақытында Мұқаң – Мұхтар Әуезов оның шеберлігіне риза болып, былай деген екен: «Ісләм, сен тапқышсың. «Оқырман», «көрерменің» жақсы... «Балмұздақ» өте әдемі сөз. «Аялдамаң» да жақсы. «Суреткер», «қаламгер», «сахнапаздарың» қандай жақсы. Ана жылы Фрунзеде бір сөйлегенімде қырғыз жазушысы Қуанышбек: «Мұхам, осы «Абайды» жаза алғанда орысша «художник» дегенді қазақша айта алмағаныңыз ба?» деп қатты ұялтып еді мені. Сен соны әдемі таптың. «Суреткер» дегенің келеді екен!».

Әуезов сүйсінгендей І.Жарылғапов туындатқан ұтқыр сөздер аудармашы ағамызда жетерлік. Ғарыш, ғарышкер, дүниетаным, өркениет, басылым, баспагер, ғаламшар, емші, жағажай, зымыран, кеніш, қойылым, шипажай... тілімізге кірігіп кеткен көрікті сөздер. Оларға көзіміздің үйренгені соншалық балама екендігіне күмән келтіресің.

Өткен жылы көрнекті қаламгердің 90 жылдығы атап өтілді. Бұл кітап ана тіліміздің тазалығын сақтауға айрықша үлес қосқан ұлтжанды азаматтың шығармашылық, кісілік қыр-сырларын ашып көрсеткен елеулі еңбек.

Нұркен Жандәулетұлы

3115 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы