• Ақпарат
  • 05 Мамыр, 2009

Келелі кеңес

2009 жылғы 24 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Е.Шаймерденов іс-сапарымен Павлодар қаласында іс-сапармен болды. Облыс әкімі Б.Сағынтаев Тіл комитетінің төрағасын қабылдап, аймақтағы тіл ахуалы жөнінде әңгімеледі. Бұдан соң облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның қабылданғанына 20 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ербол Шаймерденов және Астана қаласының «Руханият» оқыту орталығының директоры Ербол Тілешевтің қатысуымен «Мемлекеттік тілді сапалы оқытудың озық технологиялары» атты семинар-кеңес өтті. Аталмыш мәжіліске қала мен аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары мен басқарма мамандары, тіл жанашырлары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Семинарда облыстағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары баяндама жасап, өз ойларын жиналған қауымның назарына ұсынды. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытындағы баяндамалар өзге де тіл жанашырларының көңілінен шығып, семинарға қатысушылар тарапынан қолдау тапты. Сондай-ақ осы шара аясында мемлекеттік тілді дамытуды жүзеге асырудың өзекті мәселелері қарастырылып, тілдің бүгінгісі мен келешегі жайында терең ғылыми ой-пікірлер тілге тиек етілген мағыналы мәжілісті Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов қорытындылап, ғылыми ой тұжырымдары мен пәтуалы пікірлерін ортаға салған баяндамашылар мен семинар-кеңеске қатысушыларға алғысын білдірді. Семинар соңында Е.Шаймерденов бір қатар облыс азаматтарын қазақ тілін дамытуға қосқан үлестері үшін Тіл комитетінің Алғыс хаттармен марапаттады.

5574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы