• Қоғам
  • 05 Мамыр, 2009

Перзенттік парызымыз

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында мемлекеттік тіл – қазақ тілін қолдану жақсы жолға қойылған. Қазақ тілі мәселесі бойынша іс-шаралар жасалып, сот қызметкерлерінің ішінен тілге жауапты маман бекітілді. Бұл маман сот қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеруін, компьютерде қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасау кезінде қателіктер жіберілмеуін, компьютерлік бағдарламалар жасауды қадағалайды. Барлық бұйрық, нұсқаулар қазақ тілінде дайындалады. Соттағы судьялар тегіс қазақ тілін меңгерген деуге болады. Сот ғимаратының кіре берісінде мемлекеттік тілде талап арыз үлгілері, хабарлама сілтемелері, заңдағы жаңалықтар, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі, судья этикасының кодексі тағы басқа құжаттар ілініп қойылған. Мемлекеттік тіл – ұлттың ұйтқысы. Ұлтымыздың көрнекті билері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің бейнелері, олардың айтқан ұлағатты сөздері сот ғимаратының залына ілініп қойылған. Халқымыз ежелден билерін қатты құрметтеген. Олардың шешімдеріне хан да құлақ асқан. Би бабаларымыз ел өмірінің қиын кезеңдерінде беделімен, біліктілігімен, орнықты шешімімен көпке жол көрсетіп, дауласушы жақтарды бітімге келістіре білген. Олардың ісі – біздерге өнеге. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты қазақ тілінің қоғамдағы орны күннен күнге өсіп келеді. Олай болса сот, судья деген сөздерді де қазақыландырып, ретке келтіретін уақыт келді. Төбе би, төре би ұғымдарын да бүгінгі кезеңге сәйкестендіріп қолдануға әбден болады. Өз елімізді, өз тілімізді құрметтеп, қазақ тілінің қолданысқа кеңінен енуіне күш жұмсайық. Бұл перзенттік парызымыз болуы тиіс. Есмұхан Мырзабеков, Жетісу аудандық сотының төрағасы. АЛМАТЫ

4700 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы