• Ақпарат
  • 05 Мамыр, 2009

Қазақ елі деп атайық

Қазақ әу бастан қонақжай халық. Тыныштық пен татулықты ту еткен жерде жүз отыздан аса ұлт өкілдерінің мекендеуі де содан болса керек. Олардың әрқайсысы тағдыр талайымен әр жақтан ауып келгендер. Алды 1861 жылы реформадан кейін орыс жерінен көшіп келсе, тың игеру жылдары да украин, беларустар біздің даламызға қоныс тепкені белгілі. Өгейсің деп өзекке теппей, бауырға тартқан қазақ жеріне олар да сіңе берді. Ол кезде орыс деревнясында әр қазақтың өз тамыры болатын. Ұлттар арасындағы достық пен әдемі сыйластық берік орнаған-тұғын. Талай жыл ауылымызда сауыншы болған ингуш Кади деген сауыншы әйелдің отаны – Кавказга кетіп, 20 жылдан соң кайтып оралғаны бар. Бұрынғысынша қазақша сайрап тұр. Құрбыларымен жылап көріскен оған ауыл халқы таңғалысып жатты. Сол кездегі оның: «Қиын қыстау заманда қолтықтан демеп, аяққа тұрғызған қазақты, қазақтың тілін қалай ұмытайық. Осыған дейін намаз оқығанда: «Алла, қазақ елін жебей гөр!» деп дұға қылдым»дегені талайлардың жүрегін елжіретіп жіберді. Нағашым Сыдық дүниеден озғанда Мәскеуде тұратын Иван Мезин деген тамыры келіп қабір басында ұзақ жылағаны есімде. Бұл кеше болатын. Ал бүгін ше? Есіктен кіріп төр менікі дейтіндер көбейіп барады. «Өзіңнен зор шықса екі көзің шығады» дегеннің кері келіп отыр. Мемлекеттік тілді менсінбей оған мұрын шүйіре қараушылық басым. Оған себеп те жоқ емес. Мәселен, еліміздің атауын Қазақстан республикасы емес, Қазақ республикасы деп атасақ жетіп жатыр. Сонда елімізде «өзі-қожа, өзі-би» болып жүрген өзге ұлт өкілдерінің мысы басылар еді. Сонда ғана олар ел мен жердің иесі қазақ ұлтына құрметпен қарап, мемлекеттік тілде түсінісер еді. Қазақ тілінің бағын байлап отырған билік басындағы шала қазақтар. Үкімет басындағы барлық іс-шара, жиын тек мемлекеттік тілде өтетін болса бәрі басқадай болар ма еді. Мемлекеттік тілді білмейтіндер мемлекеттік қызметтен аластатылуы керек. Осы сынды әрекетке көшпейінше мемлекеттік тілдің мерейі өседі деп айту ертерек. Айса ХАМЗЕҰЛЫ ҚР халық ағарту ісінің үздігі педагог-жазушы Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылы

4041 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы