• Қоғам
  • 14 Мамыр, 2009

Тұрғын үй бағасы арзандай ма?

«Қуат» корпорациясы көптен бері проблема туғызған нысаналарды салып біткесін, ондағы тұрғын үй бағасының 1 кв. м. $1700 аспауы тиіс. Тіпті осының нәтижесінде мүдделі тараптар зиян шегетін болса да. Міне, осы тұрғыдағы ащы әңгіме өткен аптада Алматыдағы бүкіл банк өкілдерінің басын қосқан алқалы жиында бірінші вице-премьер Ө. Шүкеевтің қозғауымен талқыға салынды.   «Менің ойымша, тіпті квадратына 1500 доллар да жақсы сияқты. Сонда ғана жылжымайтын мүлік қоры нағыз нарыққа түсіп, тұрғын үйлердің сатылымы жылдам өсе бастайды. Баз біреулеріңіз айтып жүрген 3000 долларлық бағам, бұл – тым көп, 2000 доллар да аса ауыр. Егер шындықтың көзіне тіке қарар болсақ, 1500 долларлық меже көңілге қонымды баға» деді Ө. Шүкеев. . Өз кезегінде бұл дәйектерге қарсы шығып, осынау жобаларға миллиондаған қаржы шығындаған «Казкомерцбанк» төрағасы Нина Жүсіпова аталған көзқараспен келіспейтіндігін танытты. . «Әрине, жобаға қатысушы тараптардың шығынынсыз істің алға баспайтыны көрініп тұр. Обалы не керек, әзірге тиімді шешім қабылдауға, бұдан шығар ұтымды жол табуға талпынып-ақ жатырмыз. Банк қандай да бір шығындарды көтеріп алуға дайын. Бұл ақша құрылысты аяғына жеткізуге керек. Бірақ бір өкінштісі, банк пен оның үлескерлері тарапынан салынған салымдардың желге ұшқаны ма? Егер осыған көнсек, онда 1500 долларлық көрсеткіш орнықты болады. Сондай-ақ шығысты да болады» деді. . Жалпы, бұл құрылыстарға банктер мен олардың үлескерлері тарапынан $269 млн. шығын шығып үлгерген, енді құрылысты жалғастырар болса, «тағы да қосымша 50 миллиард теңге керек» деседі. . . “Қазіргі таңда банктер 138 миллион долларды, ал үлескерлер 131 миллион доллар көлемінде салым салған. Құрылысты тезірек межесіне жеткізу үшін де әкімшілік тарапынан 15,7 миллиард теңге бөлінген. Бәрін есептеп келіп, тағы да 35 миллиард теңге керектігіне көз жеткізіп отырмыз» деді Алматы әкімінің орынбасары Виктор Долженков өз сөзінде. . Ө. Шүкеев мәлімдемесіне қарағанда, қалай дегенде де жоба қатысушыларына мықтап тұрып тақырға отыруға тура келеді. . «Мәселені шешу үшін қолда бар әдіс-тәсілдің барлығын қолданып көрдік, әзірге шешімі болмай тұр. Аталған нысаналардан шығын шекпей өту мүмкін емес. Егер құрылыс салушылардың ырқына салса, 1 квадрат метр үшін 3500 доллар төлеуге тура келеді. Ал бұл – өте залалды баға. Дегенмен бүгін түбегейлі бір шешіме келіп отырмыз, бұл жобаға қатысты тараптардың барлығы белгілі бір дәрежеде табыссыз қалып, шығын шегеді. Ал «Қуат» корпарациясы туралы айтар болсақ, ол бәрін жоғалтады. Оны қаржыландырып келген «Казкомерцбанк» болса, 100 миллион доллар айналасында шығын шегуге әзір. Өз тарапынан әкімшілік бұл нысаналардың айналасындағы комуналдық желілерді жетілдіріп, заманға сай салу үшін 100 миллион долларға дейін қаржы салуға бар. Ендеше, әрбір квадрат метрдің 1500-1700 долларлық деңгейге түсуі заңды. Ендігі мәселе, біз – осы тұрғын үйлерді жылжымайтын мүлік қоры арқылы қалай сатып алып, қалайша жалға беретінімізді ойластыратын боламыз» –деді ол. . Оның айтуынша, тығырықтан шығатын тағы бір екінші жол бар. Ол –«Қуат» корпарациясының өзін-өзі банкрот деп тануы. Бірақ бұл үлескерлер мүддесіне қайшы келеді. Сондықтан да мәселені шешу нұсқасы ретінде тізімнен сызылып тасталған. Шәмілдүр Фарабитегі

3115 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы