• Ақпарат
  • 29 Қаңтар, 2009

«Талаптарыңыз құқықсыз деп саналады...»

Редакциямызға Астана қаласының тұрғындары Рәш Сұлтанова мен Құралай Мардановадан хат келді. Хат мазмұны төмендегідей: «Сіздерге жолдап отырған мына хат Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының бастығы А.Ахмеджанова ханымның ҚР Президенті Н.Назарбаевқа берген жауабы. Елбасымызға өтініш жазып, ҚР заңына сәйкес нақты жауап күтіп отырған біз бұл хат бойынша қандай «негізге» сүйенсе де тек «кезекке қойдық» дегеннен басқа ештеңеге түсіне алмай әуре-сарсаңға түсіп отырмыз...».

Хат иелерінің өтінішіне сәйкес А.Ахмеджанованың жауабымен біз де таныстық.

Жауапты оқи бастағаннан тұйыққа тап болғандай кібіртіктей бердік. Сөйлемдерді айтпағанда сөздің құралынуының өзі түсініксіз. Сауатсыз жазылған. Не айтқысы келгенін ұғып болмайды. Бірінші сыныпта оқитын бала да дәл бұлай жазбас. Хат авторларының сөзіне қарағанда осы жауаптың бір данасы Елбасына жолданған. Осынау күлдібадам жауапты мемлекет басшысына жөнелте салған басқарма бастығының немкеттілігіне де таң қалмасқа шараң жоқ. Мына шатпақтан тіл сынады. Осыны ұялмай Президент әкімшілігіне жібергенін естіп, екі бетіміз дуылдап қоя берді. Құдай-ау, ең болмағанда Елбасын аясаңыздаршы...

Әлеміш жауапты газет бетіне жариялауды жөн көрдік. Жауаптың мән-мағынасын А.Ахмеджанова ханымның өзі түсіндіріп берер бізге.

«Астана қ.

Абай даңғ., 209 а/1, пәт.7

Сұлтанова Рашқа

Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне жолданған. Сіздің өтінішіңізді қарап, келесі хабарлаймыз.

Жер қатынастары басқармасымен 2008ж. 13.05-нен бастап 21.11.2008ж. 21.11-рі бойынша кезеңінде Сіздің төрт өтініштеріңіз қаралды:

1. ҚР Президент Әкімшілігінен Ақмола облысының әкімдігіне №С-482 13.05.2008ж. келіп түсті. Қысқаша мазмұны: Целиноград ауданының Қоянды ауылында ЖТҚ-на жер телімін беруіне көмек көрсету туралы. Өтініш берушіге, өтініші арнайы есепке қойылғаны және кезек тәртібімен өтінішті қанағаттандыру туралы басқармамен 09.06.2008ж. №С-55 жауап берілді.

2. Ақмола облысының әкімдігіне №С-540 13.05.2008ж. келіп түсті. Қысқаша мазмұны: Целиноград ауданының Қоянды ауылында ЖТҚ-на жер телімін беруі және «НК СПК «Сарыарка» АҚ-ның жер массивын беруін түсіндіру туралы. Өтініш берушіге, өтініші арнайы есепке қойылғаны және кезек тәртібімен өтінішті қанағаттандыру туралы басқармамен 09.06.2008ж. №С-55 жауап берілді.

3. ҚР Президент Әкімшілігінен Ақмола облысының әкімдігіне №С-482.2 09.06.2008ж. келіп түсті. Қысқаша мазмұны: Целиноград ауданының Қоянды ауылында ЖТҚ-на жер телімі узақ берілмегені туралы. Өтініш берушіге, өтініші арнайы есепке қойылғаны және кезек тәртібімен өтінішті қанағаттандыру туралы басқармамен 13.06.2008ж. №С-58,2 жауап берілді.

4. Басқармаға №/сіз 05.11.2008ж. келіп түсті. Қысқаша мазмұны: Қоянды ауылында жер массивын «НК СПК «Сарыарка» АҚ-мен беруін түсіндіру туралы. Жауап 20.11.2008ж. №С-987 берілді.

Сонымен байланысты, Сізге, жер заңнамасы талаптарының толық қамтыған түсіндіру, жер телімдерін алуына берілген өтініштерді арнайы есепке қойылғаны мен кезектін тәртіптік нөмірі туралы мәліметтер берілді. (Целиноград ауданы әкімдігінің берілген көрсеткіштеріне келісімді, өтініште көрсетілген азаматтардың өтініші 2694 нөмірден бастап арнайы есепке қойылған).

Мәлімдеу үшін хабарлаймыз, жер телімдерін алу үшін ізденуіңізді тез қанағаттандыру туралы, Сіздің бұдан әрі қарай болатын талаптарыңыз құқықсыз деп саналады, өйткені Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 44 б. нормаларына келісімді жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру туралы тұлғалардың өтініші арнайы есепке алынуы керек те және кезек тәртібіне қатан қанағаттандырылады.

Басқарма бастығы А.Ахмеджанова»

3250 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы