• Тіл
  • 14 Мамыр, 2009

Түсініксіз жазулар

Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп жүрген азаматтарымыз жетерлік. Айтылудың кемдігі жоқ. Ал сол айтылып жүрген сөздер елдің құлағына құйылып, санасына сіңіп жатыр ма? Керісінше ана тілімізде сөйлеу былай тұрсын, тіпті жөнді жаза алмай жүрген жоқпыз ба. Қазіргі кезде еліміздің кез келген қаласында, қаламыздың кез келген көшесінде кездесетін дүкендер, дәріханалар, сырахана-мейрамханалар, тіпті үлкен-үлкен маңызды нысандардың маңдайшасында олардың аттары әдемі етіліп екі тілде жазылады. Әдемілігі сонша алыстан көз тартады. Қарайсың да оқисың, оқисың да... түсінбей тағы оқисың. Дүкеннің маңдайшасында былай жазылып тұр: «Дүкені «Арман» магазин». Жанында дәріхана тұр. Онда «Дәріханасы «Ақыл» аптека» делінген. Менің ойымша «Магазин «Арман» дүкені» немесе «Аптека «Ақыл» дәріханасы» деп жазылуы тиіс. «Қазақ тілін қолдану керек» деп мәнсіз-мағынасыз жаза беруге бола ма екен? Бұл жерде «Қазақ тіліндегі сөздер әйтеуір бірінші боп тұрса болды» деп жүрген шала қазақтардың шолақ белсенділігі ме, қалай? Халыққа 2009 жылғы халық санағының мән-жайын түсіндіру мақсатында газет беттерінде көптеген жарнамалар шыға бастады. Солардың бірін көз жүгіртіп отырғанмын. «Сіздің санақшыңыз өзімен бірге портфель, куәлік, бөкебай болуы керек» деген жолдарға көзім түсті және төменгі жағына нөмірлеп, көзге «шұқып» тұрып тағы жазып қойыпты: «1.Санақшының бөкебай. 2.Санақшының куәлік. 3.Санақшының портфель». Ал түсініп көр. Абырой болғанда жанындағы орыс тіліндегі аудармасын оқып, әйтеуір түсіндім-ау. Менің білуімше осы санақтың негізгі мақсаттарының бірі халықтың білім деңгейін тексеру. Ал осыдан кейін кім, кімнің білімін тексереді? Түсініксіз. Бұған менің де «білімім» жетер емес. Мен тіл маманы болмағандықтан «Мына жерде былай жазылады, мына жерде мынадай жалғау болады» деп жіктеп, «жіліктеп» айта алмаймын. Бірақ та бұл жерде қателіктің бар екенін көзім көріп, көңілім қалып тұр. Сөйлеп емес, жазып отырып қате жіберуге бола ма екен? Қыдырәлі Жақсығалиұлы

2733 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы