• Ақпарат
  • 05 Маусым, 2009

Қаламгерге құрмет көрсетті

Жақында Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, танымал қаламгер Қойшығара Салғараұлының 70 жылдық мерейтойына орай «Түркі тарихының құндылықтары: зерттеу, жариялау және елдік байыптау» атты конференция өтті.  Оқырманына «Ілгішек», «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Түркі әлемі», «Ұлы қағанат» секілді кітаптарымен таныс қаламгердің шығармашылығы туралы аталған жиында Жұмағали Ысмағұлов «Қ.Салғараұлы шығармашылығындағы түркі тарихы мен парасаты», Сейсенбай Құдасов «Қ.Салғараұлының «Көмбе» еңбегі және Кавказ қыпшақтары туралы деректер» деген тақырыпта баяндама жасаса, Ақселеу Сейдімбек пен Сауытбек Абдрахманов жарыссөзге шықты. Бұл жиыннан кейін жазушы Конгресс Холл сарайында оқырмандармен жүздесті. Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театры әртістерінің сахналаған көрінісімен ашылған кешке Несіпбек Айтұлы, Серік Тұрғынбекұлы, Қонысбай Әбіл, Серікбай Оспанов, Серікзат Дүйсенғазин сынды ақындар қатысып, жазушыға арналған жырларын оқыды. Оған қоса Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай қаламгердің мерейтойына арналған Елбасы құттықтауын жеткізді.

2758 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы