• Ақпарат
  • 05 Маусым, 2009

«Тәуелсіздік толғауы»: драматургияға тың серпін береді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі республикадағы драмалық және опералық театрлардың репертуарын тәуелсіз еліміздің саяси-рухани келбетін ашатын жаңа туындылармен және отандық авторлардың озық шығармаларымен толықтыру мақсатында елімізде тұңғыш рет музыка мен драматургияның алты саласында, атап айтқанда ең үздік драмалық пьесалар, ең үздік опералық шығармалар, ең үздік балеттік шығармалар, ең үздік камералық музыка туындылары, ең үздік қазіргі заманғы әндер, ең үздік балалар әндері бойынша «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық байқау жариялады. Елбасы Н.Назарбаевтың театр қайраткерлерімен кездесуінде тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттап, жаңа рухани құндылықтарын, мәдени өміріндегі жетістіктерді айшықтайтын жаңа туындылар жасау жөніндегі тапсырма берген болатын. Байқау осы тапсырмаға сәйкес отандық компазиторлар мен драматургтердің, ақындардың шығармашылығын тікелей қолдауға, ұлттық опера-балет, драмалық театрлар және жалпы музыка саласының бәсекелестігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. ¬– Әрине әлемдік аренадан ойып тұрып орын алған туындылар тапсырыспен жасалмаған. Дегенмен де, кей-кезде әлемнің музыка өнерінің тарихында ұлы туындылардың тапсырыспен де жазылғанын естен шығармау керек. Бұндай жағдайда біздің тілегімізбен автор мен композитордың пікірлері бір арнада тоғысып жатса нұр үстіне нұр болар еді, – деді Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамед мырза. Жаңа талантты опера-балет туындыларын дүниеге әкелу оңай шаруа емес. Оған бір адамның күші жетпейді. Ол бір шығармашылық топтың істейтін жұмысы. Ұзақ уақытты, қаржыны, рухани күшті қажет ететіндігін былай қойғанның өзінде адамның моральдық мүмкіндіктерін бір бағытқа бағыттауды қажет ететін ауқымды жұмыс болғандықтан Мәдениет және ақпарат министрлігі уақытты созбай жақсы бастама көтеріп отыр. –¬ Байқаудың мақсаты опера және драматургия саласында еңбек етіп жүрген отандық авторларды қолдау олардың көркемдік деңгейі жоғары шығармаларды дүниеге әкелу үшін ынталандыру болып табылады. Сапалы музыкалық туындылар арқылы жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп олардың туған отанына деген сүйіспеншілігін арттыру да байқаудың бір мақсаты. Патриотизм әлдеқайда абстракті ұғым емес. Патриотизм ата-анаға, туған бауырға, сүйген жарға деген сүйіспеншіліктен туындайды. Сондықтан бұл идеологиялық тапсырыс емес. Рухани құндылықтардан туындайтын мақсат, – дейді министр мырза. Айман Мұсаходжаева, ҚР еңбек сіңірген әртіс: – Мәдениет және ақпарат минитрлігі тарапынан ұйымдастырылып отырған бұл шара қолдауға тұрады. Бұл байқау еліміздегі танымал композиторлар мен драматургтарына заманның талабына жауап бере алатын туындыларды жазуға мүмкіндік береді. Егемендік алғанға дейін дүниеге келген туындылар өте жақсы. Бірақ, біз қазіргі заманға сай дүниелерді көргіміз келеді. Сондықтан жас композиторлар мен драматургтерге үміт артамыз. Байқау шарты төменде жарияланып отыр. Бейбітгүл ИСАЕВА

3266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы