• Білім және ғылым
  • 05 Маусым, 2009

Шалкиіз

Шағырмақ бұлт жай тастар, Ағытқан қойды жол бастар, Ақ желкенді жел бастар, Әділ төре ел бастар, Батыр жігіт жау бастар, Аға жігіт қол бастар, Шешен адам сөз бастар, Құсты жисаң, бүркіт жи, Қыс тоныңды түлкі етер, Бір жақсымен дос болсаң, Азбас, тозбас мүлкі етер, Бір жаманмен дос болсаң, Күндердің күні болғанда, Бүкіл ғаламға күлкі етер. *** Асқар, асқар, асқар тау, Асқардан биік тау болмас, Басына балапан шарлап ұшып қона алмас, Бүркіттен қыран құс болмас, Баулуы жетпей бөрі алмас, Бидайықтан алғыр құс болмас, Бұйырмаса, екеу түгіл, бір де алмас, Сұңқардан сұлу құс болмас, Қауырсыны қатпай ұша алмас. Ағайынның ішінде Бір жақсысы бар болса, Қоңқалаған көп жаман Сол жақсыны көре алмас. Сол жаманның басына Қиын-қыстау іс келсе, Бағанағы жақсысын Қос арғымағын қолға алып, Күнінде іздесе де, таба алмас.

9792 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы