• Ақпарат
  • 29 Қаңтар, 2009

Ұстазға — ізет, газетке — ілтипат

Қазақ басылымдары бір-біріне қашанда тілеулес болуы керек. Ақараттық кеңістігінің өзі жаһанданып бара жатқан қазіргідей кезеңде онсыз болмайды. Ел мен жер, ұлт пен жұрт, тіл мен діл мәселелері қозғалғанда қазақ басылымдары бір ауызды болғаны жөн. Мұның бізден басқа ешкімге де қажеті жоқ. Сондықтан кәсіби бәсекелес болсақ та, рухани туыс екенімізді ескеріп, ара-тұра бір-бірімізді қолдап тұрғаннан ұтылмаймыз. Соңғы кезде «Ана тілі» газетінде бұқаралық ақпарат құралдарының белді журналистері туралы портреттік материалдар жариялап, телерадиожурналистикадағы әріптестеріміздің жаңалық-өзгерістері жөнінде ел-жұртты жиі құлағдар ете бастауымыз осы ниеттен туды.

Газетімізде екі айдан бері «Емен-дағы құласа, бетеге екен, Дара туған тұлға да өтеді екен» деген атаумен академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың зайыбы Сәуле Қабдолованың күнделігі жарияланып келе жатқаны оқырманға белгілі. Осыған орай «Алматы ақшамы» газеті «Біз әлі сол бақыттың құшағындамыз» атты көлемді мақала жариялады. Авторы — басқа емес, басылымның бас редакторы Қали Сәрсенбайдың өзі. Бұл мақаланы оқып, қатты тебіренген Сәуле апай редакциямызға телефон шалып, ризашылығын білдірді. Қали Сәрсенбайға ыстық ықыласын жеткізуімізді тапсырды. Біз бұл тапсырманы газетіміз арқылы орындағанды жөн көрдік. Ұстазымыздың рухына ізет, газетімізге ілтипат білдірген Қали Сәрсенбайға Алланың нұры жаусын! Соңғы жылдарда ең оқылымды басылымдардың біріне айналған «Ақшамның» әр қадамына сүйсінетінімізді, кейбір жарияланымдарына қызыға отырып, тамсанатымызды біз де жасыра алмаймыз.

«Ана тілі»

2860 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы