• Әдебиет
  • 11 Шілде, 2009

Бұқар жырау

Ежелгі дұшпан ел болмас, Етекті кессең, жең болммас. Қараша торғай қаз болмас, Шағала келмей, жаз болмас. Шаңқан болмай, боз болмас. Өзіңнен тумай ұл болмас, Сатып алмай құл болмас. Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. Дос болғанмен, хош болмас. Екі жақсы дос болмас, Дос болса түбі бос болмас. *** Асқар таудың өлгені ¬– Басын мұнар шалғаны, Көктегі бұлттың өлгені¬ ¬– Аса алмай таудан қалғаны. Ай мен Күннің өлгені ¬– Еңкейіп барып батқан. Айдын шалқар өлгені ¬– Мұз болып, тастай қатқаны. Қара Жердің өлгені ¬– Қар астында жатқаны ¬– Өлмегенде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді. *** Ауылда адам бар болса, Ауыл ала болмайды, Ел иесі құт болса, Халқы ала болмайды. Үлгісіз сөз болмайды, Мақтасыз бөз болмайды, Сөз ұғарлық ер болса, Айтылмас шын сөз болмайды, Алтындай асыл сөзіңді Қадіріне жетіп бағалап, Тыңдайын ер кез болмайды. *** Айналасын жер жұтқан Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе таусылмас, Көл суалмас демеңіз. Құрсағы құшақ байлардан Дәулет таймас демеңіз, Жарлыны жарлы демеңіз, Жарлы байға тең келіп, Жайлауға жарыса көшпес деемеңіз. Жалғызды жалғыз демеңіз, Жалғыз көпке тең келіп, Бір жапанда соғысып, Кегін алмас демеңіз. Құландар ойнар қу тақыр Қурай бітпес құба жон Құлан жортпас демеңіз. Құрсағы жуан боз бие Құлын салмас демеңіз. Қулық туған құлаша Құрсақтанбас демеңіз. Қу таяқты кедейге Дәулет бітпес демеңіз. *** Әлемді түгел көрсе де, алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де – Қызыққа тоймас адамзат! Ілімді түгел білсе де, Қызығын қолмен бөлсе де, Қызықты күні қырындап, Қисынсыз күйге түссе де – Өмірге тоймас адамзат! Жақындап ажал тұрса да, Жанына қылыш ұрса да, Қалжырап, көңлі қарайып, Қарауытып көңлі тұрса да – Үмітін қоймас адамзат!

7209 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы