• Тіл
  • 08 Қазан, 2009

Барлық фильм қазақша сөйлейтін болды

Қазақстанда 2012 жылдан бастап кинопрокат алдында бүкіл фильмдер, оның ішінде отандық фильмдерден бөлек шетелдік фильмдер де міндетті түрде мемлекеттік тіл - қазақ тіліне аударылатын болды.

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің мүшесі Мұрат Ахмадиевтің айтуынша, бұл норма “Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы” заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында көзделген. “Депутаттар бүкіл фильмдердің прокатқа мемлекеттік тілде берілуі туралы баптың бастамашысы болып отыр. 2012 жылдың 1-қаңтарын бастап Қазақстан территориясына прокат мақсатында әкелінетін бүкіл фильмдер мемлекеттік тілде дыбысталуға тиіс”, - деп атап өтті М.Ахмадиев Алматыда дүйсенбіде отандық кинематографияны дамыту мәселелеріне арналған жиында. Оның сөзіне сенсек, мәжіліс депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірген, аталған заң жобасының мәжілісте талқыланып үлгерген.

2513 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы