• Тіл
  • 22 Қаңтар, 2009

Әйелді еркек, еркекті әйел қылдық

«Әуезовадан бар ма?», «Байзақовадан бар ма?» деп қазақтың біртуар ұлдарын әйелге айналдырып айғайлап жүрген кондукторларымызға өкпе артып жүргенде, әйелді еркек, еркекті әйел етіп заңдастырып жазып қоятындарда көбейді. Мұны қанша жерден ескертіп жүргенімізбен («Ана тілі» №42, 2008 «Маметов» деген кім?») құлағына ілетін бір адам жоқ. Сейфулин даңғылы толған «Мәметов көшесі» деген жазу. Ал қазақтың қасиет тұтатын «Абайын» Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшелерінің қилысында «Абая даңғылы» деп бадырайтып іліп қойыпты. Екі тілде қатар жазылмаса жолаушылар адасып кететіндей міндетті түрде орыс тілді нұсқасын жазатын ереже көп қазақтың атына көлеңке түсіріп тұр. Өйткені оны жазатындар тек қана орыс тіліндегі нұсқасының дұрыс жазылуын қадағалайды да, қазақ тіліндегі нұсқасына пысқырып қарамай, қалай болса, солай жаза салады.Өйтпесе, Абайды Абай, Мәншүкті Мәншүк деп жазатын кез әлдеқашан жетті емес пе? Бұған тегімізге «-ов» пен «-ва» -ны қосып жүрген өзімізде кінәлі шығармыз...

Біләл ҚУАНЫШ

3308 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы