• Ақпарат
  • 15 Қазан, 2009

Сталинге ескерткіш

www.anatili.kazgazeta.kzБелорустық бауырлар кеңестік дәуірге деген сағынышын баса алмай жатқан тәрізді. «Интерфакс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы дүйсенбіден бастап «Одақ үшін және одақтың комунистік партиясы үшін» атты қоғамдық бірлестік Иосиф Сталинге ескерткіш орнатуға ақша жинауға кірісіпті.

Ең қызығы, оппозициялық пиғылдағы бастамашыл топ мұртты көсемнің жадуалын анау-мынау елді-мекеннен емес, Минскінің қақ төрінде қасқайтып тұрғызуды ойға алған көрінеді. Бірлестіктің кординатор-хатшысы Леонид Школьниковтың дәлелдеуінше, бұл «тарихи әділдіктің салтанат құруы үшін аса маңызды шара» екен.

– Ескерткішті орнату ұлы көсемнің 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып жатқандықтан, осынау игілікті іс кеңестік носталгиямен армансыз бір қауышуға мүмкіндік бермекші. «Ленин өлсе де, оның ісі өлмейді. Ал Сталин ескерткіш күйінде де темір болып қала береді, – деп түсіндіреді бастамашыл топ өкілдері.

4005 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №8

20 Ақпан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы