- Ақпарат
- 15 Қазан, 2009
Алты айыпкер өлім жазасына кесілді
«2009 жылдың тамызында орын алған Үрімшідегі этникалық негіздегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты істің бірінші кезеңі айыпкер 6 адамның өлім жазасына кесілуімен басталып отыр». Күні кеше Associated Press ақпарат қызметі Қытайдағы сот үдерісі барысы турасында осындай мәліметтер таратты. «Сот мәлімдемесінде әрбір айыпкердің жеке қылмысы әшкере етілмегенімен, жалпысипаты топтық бастамаға негізделіп жасалғаны көзге ұрады» деседі сарапшылар. Қалай десек те, қан-қасап тәртіпсіздіктен кейін, 100-деген ұйғыр ұлты өкілдерінің «кісі өлтіру мен зорлық-зомбылық жасады» деген айыппен түрмеге тоғытылғаны белгілі. Әзірге қалған арандатушылардың қылмысына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал, бас-аяғы 197 адамның қаза тауып, 1700-нің ауыр жаралануына себеп болған «ұйғыр бүлігі» салқынының әлі де Синьцзян-Ұйғыр автономды аймағында ұзағынан сақталып қала беретін түрі бар. Ал осы кезде, «Әл-Кайда» террористік ұйымының Қытай үкіметіне доқ көрсете отырып, әрбір өлтірілген ұйғыр үшін аяусыз кек алатынын мәлімдеп үлгергенін де атап өткен жөн.

2700 рет
көрсетілді34
пікір