• Ақпарат
  • 15 Қазан, 2009

32 кісіні жарып жіберді

«Лаңкестік салдарынан Пәкістанда 32 кісі көз жұмды» деп хабарлайды AFP. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Альпури қаласындағы базарда өзін жарып жіберген жанкештінің негізгі мақсаты әуелгіде әскери күзет көлігі болған. Алайда жаралыс салдарынан қаза тапқандардың 28-і бейбіт тұрғындар болып отыр. «Ал жараланған 46 кісінің 40-ы да бейбіт тұрғындар» деп хабарлайды жергілікті күзет басқармасы. Осының алдында ғана, елдің солтүстік-батысындағы Пешавардағы жарылыстан 40 адамын жоғалтқан Пәкістан үкіметі енді лаңкестік шараларына қарсы жаппай тазарту жұмыстарын бастап та кетті.

2507 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №8

20 Ақпан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы