• Ақпарат
  • 15 Қазан, 2009

Барак Обама: «сұрама – айтпа» дей ала ма?

«Балақтағы бит басқа шықты» деген осы болар. Алдыңғы күннен бері АҚШ-тағы Ақ үй мен Капитолий әкімшілігі сексуалдық азшылықтардың ұйымдастырған демонстрацияларынан зықысы шығып отыр. Шерушілер үкімет басшысы Барака Обамадан гомосексуалистерге қарсы қабылданған «әскерде қызмет етпеу» жөніндегі заңды алып тастау мен «біржыныстылар арасындағы некені» заңдастыруды талап еткен.

Жергілікті полиция өкілдігінің берген мәліметтеріне сүйенсек, шеруге 10 000 адам қатысып отыр. Өздері «теңдік үшін жасалған ұлттық марш» деп айдарлаған (National Equality March) осы бір ібіліси шеру Обаманың сайлау алдындағы уәдесіне байланысты туындапты. Барака әлдебір штаттағы сайлаулық мәлімдемесінде «сексуалдық азшылықтарға теңдік әперемін» деп қалған-мыс. Қас қылғанда, осының алдында ғана Обама әскердегі сарбаздардың жыныстық бағдарына қатысты «сұрама –айтпа» (don't ask-don't tell) қағидасын талқылауға алатынын мәлімдеген екен. Біржағынан осыған малданған шерушілер «есегі көпірден өткесін, мұнысы жарамайды» деп отырғанға ұқсайды.

2719 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №8

20 Ақпан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы