• Ақпарат
  • 22 Қаңтар, 2009

Дағдарыстағы дүниежүзілік экономика

2009 жылы дүниежүзілік ІЖӨ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бері есептегенде бірінші рет қысқарды. Ол ол ма, құлдырау көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 0,4% құрап отыр. Вашингтондағы халықаралық қаржылық ұйымдары ассоцациясының хабарлауынша, «жаһандық экономиканың мұндай көлеңкелі болашағы, өркениеттің құмсағатын төңкеріп, кері есеп жүргізе беруге әбден жеткілікті» екен. Қазірдің өзінде көптеген дамыған және дамушы елдерде бұрын соңды байқалмаған экономикалық регрессия болады деп күтілуде. Бір ғана АҚШ-тың ІЖӨ 1,3% қысқармақшы. Ал Еуроаймақта – 1,5%, Жапонияда – 1,2% көрсеткішінде құлдиламақ. Бірақ танымал экономистердің пікіріне сүйенсек, бұл құлдырауларды динамикалық өсу үстіндегі өсімі 1,5%-дан 6,5% аралығын құрайтын Бразилия, Үндістан, Қытай тәрізді дамушы елдердің есебінен (әлемдік ІЖӨ үшін) жарым-жартылай болса да қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Әйтсе де өзге де әлемдік сарапшылардың сараптамаларына қарап, бұл болжамды құрғақ қиял, басынан аяғына дейін негізсіз, бар болғаны «үміт» деңгейіндегі әңгіме деуге болады. Банк саласының сарапшыларына құлақ түрсек, «былтырғы 2008 жылы қалың көпшілік экономикалық дағдарысты дамыған елдердің маңдайын ғана соғып өтетін әдепкі, үйреншікті, келетін де кететін, уақытша қиындық ретінде қабылдаған. Сөйтіп, соған иек артып, аталған қатерлі ағын дамушы рыноктарды айналып өтеді деп санап келген-ді. Бірақ кейіннен, мәселеге тереңінен, жан-жақты қарап, бағалай келе «қаржылық дағдарысты» әлемдік экономика тарихындағы айтулы оқиға болуы ықтимал екендігіне көз жеткізді». Өз кезегінде әлемдік банк өкілдерінің де қарап қалмай, БАҚ арқылы, «дағдарыс Ұлы депрессия дәуірінен бері тұңғыш рет болып отырған экономикалық қуатты құлдырау» дегенді айтып қалғаны жасырын емес. Бұл жөнінде Би-би-сиге берген сұхбатында Әлемдік Банкінің бас экономисті Джастин Лиин: «бұл жолғы қаржылық дағдарыс сірә, өткен ғасырдың отызыншы жылынан бері болған ең ауыр рецессияға апарып соғуға бет алады» деп кесімді бағасын жариялап та үлгерді.

<!-- /* Font Definitions */ @font-face {font-family:Calibri; mso-font-alt:"Century Gothic"; mso-font-charset:204; mso-generic-font-family:swiss; mso-font-pitch:variable; mso-font-signature:-1610611985 1073750139 0 0 159 0;} /* Style Definitions */ p.MsoNormal, li.MsoNormal, div.MsoNormal {mso-style-parent:""; margin-top:0cm; margin-right:0cm; margin-bottom:10.0pt; margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:Calibri; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-font-family:Calibri; color:windowtext; mso-ansi-language:KZ; mso-fareast-language:EN-US;} p {margin:3.75pt; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:Calibri; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-font-family:Calibri; color:black; mso-ansi-language:KZ; mso-fareast-language:EN-US;} @page Section1 {size:612.0pt 792.0pt; margin:2.0cm 42.5pt 2.0cm 3.0cm; mso-header-margin:36.0pt; mso-footer-margin:36.0pt; mso-paper-source:0;} div.Section1 {page:Section1;} --> Абылайхан Қалназаров, саясаттанушы

4396 рет

көрсетілді

20

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №40

10 Қазан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы