• Ақпарат
  • 05 Ақпан, 2009

«АҚИҚАТ», 1, 2009 жыл

Басылымның жаңа санында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағыттағы «Ынтымақ пен татулықты нығайта түсу – басты міндетіміз» материалы жарияланған. Академик Серік Қирабаев «Тәуелсіздік идеясы және «ұлтшылдық» әдебиет» мақаласында бүгінгі әдеби үрдісіміздің жағдайы кеңінен әңгімеленген. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Әділ Ахметовтың «Түс пен аян және ақиқат» мақаласында философиялық және этнопсихологиялық ойлар айтылған. Бас редактор Жұмабек Кенжалиннің «БАҚ: қаржы дағдарысы қалам ұшында қалай сөйлейді?», зертеуші Әбдірашит Абдраймовтың «Зиялы қауым дағдарысы» деп аталатын материалдары бүгінгі күннің өзекті тақырыбына үн қосуына арналған. Ал саясаттанушы Сайын Борбасовтың «Президенттік биліктің тиімділігі» мақаласы өзінің саяси талдауларымен құнды. Венера Жексенбекованың «Демократиялық жаңғыру үрдісінің даму ерекшеліктері» мақаласында қоғамдағы қазіргі  саяси ахуал ортаға салынған. Серік Нұрмұратовтың «Адам болмысының түп қазығы», Мінис Абильтайнның «Қазақтың рулық қоғамы», Адам Мекебайұлының «Санаққа ілінбесең – санаттан қалғаның», Сарбас Ақтаевтың «Қызылжар өңірі өрлеу жолында», Сейдахмет Шүрегеевтің «Бекежановтың ісі», Қанат Әбілқайырдың «Қос ауылға қос мұнаралы мешіт», С. Көкшеұлының «Мағжан мұражайы» материалдары да зиялылық ойларға толы.

3453 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы