• Тіл
  • 10 Ақпан, 2009

Жиналыс қазақша өтіп жүр

Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының бірінде «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген еді. Елімізде тіл саласында оң шаралар іске асырылып жатқандығын, соның бір айғағы медицина қызметіндегі мемлекеттік тіл деңгейінің біршама көтерілуі болып табылады. Кейбір мекемелердегідей санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында да тіл саясаты байыппен іске асырылып, барлық ұлт өкілдеріне ортақ мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолдану аясын күшейтуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Орталықта ҚР «Тіл туралы» заңын және «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру барысында ауқымды жұмыстар атқарылды. Әсіресе, соңғы жылдары бактериологиялық және микробиологиялық салаларда қазақ тілі кеңінен қанат жайды. Бұл саладағы  сөз қолданыстар, жеке атаулар ана тілімізге біртіндеп аударылды да, тіршілік ағымымен құлаққа сіңісті бола бастады. Әрине, мұндай жетістік оңайшылықпен келген жоқ. Тынымсыз ізденіс пен жалықпай еңбектену арқылы бүгінде біз игілікті істерге қол жеткіздік. Экспресті зерттеулер ана тіліміздегі жаңа сөз қолданыстарын өмірге ілестіре келді. Бір қызығы бұл тың сөздер аяқ асты, күтпеген жерден пайда болған жаңа сөздер емес, өмірдің өзінен алынған, қазақы тіршілігімізде бұрыннан бар ежелгі сөздер. Тек олардың мағынасы кеңейді, аясы ұлғайып, дәрежесі артты. Демек саламыз дамыған сайын тіл байлығы еселене түспек.

Мекемеде мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау бөлімі жұмыс істейді. Бөлімде ұлттық нақыштағы Ана тілі бұрышы, қазақ тілінің тағдыр-талайы, бүгіні мен болашағы туралы оқырман қауымның назарына ілігіп жүрген бірден-бір ұлттық газет «Ана тілінің» көп жылғы тігіндісі бар. Бастауыш және жалғастырушы топтар бойынша қызметкерлерді мемлекеттік тілде оқыту курстары жүргізіледі. Зертхана қызметкерлеріне қызмет бабында қолдану үшін мың сөзден астам тұратын сөздік құрастырылып берілді. Орталықтың іс қағаздары, апталық лездемелері мемлекеттік тілде жүргізіледі. Өткен жылы мекеменің мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттары 98 пайызды құрады. Орталықтағы 337 қызметкердің 125-і өзге ұлт өкілдері. Мекемені іскерлікпен басқарып отырған қазақ тілінің жанашыры, ұлтжанды қазақ қыздарының бірі Рахима Алхамқызы.

 

Гүлмира Мералина

3585 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы