• Әдебиет
  • 22 Ақпан, 2009

ҚҰДИЯР

Атамның аты – Біләл. Бұл мұсылман халықтарында ортақ есім. Мұахммед пайғамбардың ең алғашқы азаншысының аты. Менің атымды сол атам қойған. Біз үш ағайындымыз: Мелде хан, Құдияр хан, Абылай хан. Есімімнің шығу тегін  өз басым парсы тілінен деп ойлаймын. Өйткені, парысша «Құда» деген біздіңше Құдай, ал «яр» қазақша  жар деген сөз. Мұның  мағынасы Аллажар, Құдайжар болып шығады. Діннің өзі бізге парсы негізделіп келген ғой.

Менің есімімді Қоқан ханы Шерәлінің баласы Құдияр ханға байланысты қойылған дейтіндер де бар. Оған мен келіспеймін. Дұрысы сол «Құдай жар» болуы керек. Өйткені Шерәлі ханның есімінің өзі дінге байланысты. «Шер» дегенін жолбарыс десек, «Әлі» пайғамбарымыздың күйеу баласы.

5388 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы