• Мәдениет
  • 27 Тамыз, 2015

Ата Заңды құрметтеу – парыз

«Ғылым ордасы» мемлекеттік кәсіпорыны және Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциясының 20 жыл­дығына арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясының мәдени-тарихи өлшемі: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Конституция күнінің қоғамдық санадағы маңыздылығын арттыру, мемлекет қолданысындағы құқықтық қайнар көзі ретінде, жоғарғы заң күшіне ие болып табылатын Негізгі Заңға қоғамның назарын аудару, қоғамда Ата Заңды дәріптеу дәстүрін нығайтып, өскелең ұрпақты конституциялық құрылымды құрметтеу рухында тәрбиелеу. Басқосуда академик Әбдімәлік Нысанбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов, «Ғылым ордасы» мекемесінің басшысы Роза Кәрібжанова, Философия, саясаттану және дінтану институты директорының ­орынбасары Серік Нұрмұратов және басқалар сөз сөйлеп, Ата Заңның қабылдануы мен баптарындағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан ары нығайту мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Т.ЕСЕНОВА

25196 рет

көрсетілді

5928

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы