• Тіл
  • 10 Ақпан, 2009

Жыр арқауы — туған тiл

Жақында «Туған ел үшiн әрдайым жауқазын жырды арнаймын» деген жас талапкер ақындардың жыр жинағы жарық көрдi. Мiне, осы кiтаптың тұсаукесерi Хромтау ауданының әкiмдiгiнде өттi. Онда аудан әкiмi Бауыржан Қаниев сөз сөйлеп, жастарға деген шынайы лебiзiн бiлдiрдi. Жастар елдiң келешегi екенiн, олардың алдында зор мiндеттер тұрғанын, әсiресе, тәуелсiздiк туын биiкте желбiрету мерей екендiгiн атап өттi.

Бiр айта кететiн жайт, өлеңдерi кiтапқа шыққан жастар аудандық орталықтандырылған кiтапхананың оқырмандары. Осыдан бес жыл бұрын тiл маманы, ұстаз Әзiрхан Календиров кiтапхана директоры Дайра Ермағанбетованың жетекшiлiгiмен «Ақ қауырсын» поэзия клубын ұйымдастырған болатын. Жастар осы отауда шыңдалып, шеберлiктерiн арттырды. Оның нәтижесi — жарық көрiп жатқан жинақ.

«Ел боламын десең бесiгiңдi түзе» дегендейiн ауданда балабақшаларда, мектептерде өткiзiлетiн шараларға айрықша мән берiледi. Оларда Отанды сүю, адамгершiлiк, ерлiк, кiсiлiк мәселелерi сөз болады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналып №4 оқу-тәрбие кешенiнде өткiзiлген «Желтоқсан желi ызғарлы» атты кеш те жиналғандарға, әсiресе, оқушы балаларға ерекше әсер қалдырды. Кешке қатысушылар Қайрат Рысқұлбековтiң ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды.

Елiмiздiң абыройы асқақтай бергей! Жастар оны өлең-жырларына арқау етсiн.

 

Мәриям Жұмағалиева

 

АҚТӨБЕ

3247 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы