• Ақпарат
  • 22 Ақпан, 2009

«Ақ аю» ботқа мен борщқа қарап қалды

Жаңа жыл басталғаннан  той тойлаумен  жүрген ресейліктер  әлемдік дағдарыстың  әрбір босағаға келіп қалғанын байқамай қалғандай. Ақпан айының алғашқы күнінде доллар өзінің шарықтау шегіне жеткен  кезде сандарын  соғып, естерін жиғандай.

   Бүкілресейлік қоғамдық орталықтың есебі бойынша, биылғы жылғы мереке орта есеппен бір жанұяға  5491 рубльге айналып, жылдағыдан 300 рубльге қымбаттағанын  көрсетіп отыр.

   Халықаралық эксперттердің жобалауынша, әлемдік экономикалық дағдарыс азық-түлік дағдарысымен ұштасып, қазіргі күнде күнін зорға көріп отырған жүз миллиондаған жандардың бұл күндеріне де жете алмай қалу қаупі барын айтады. Оның  себебі,  Ресейдің азық-түлік қоры импорттық азық-түлікке байланысты әлеуетті қауіп-қатер аймағында.

 Импорт азық-түліктің  жалпы мемлекет бойынша  30%, ал  үлкен қалаларда 70%  бөлігін құрайды.

 Жалпы азық-түлік  күзден бері қымбаттап жатса да, соңғы күндердегі нанға – 1 рубль, тұзға – 2 рубль, жұмыртқаға – 3 рубль қосылғаны халықты қобалжытып жібергендей. Сәбіздің бір килосы 25-30 рубльден, пияз, капуста 15 рубльден, ал картошка 30 рубльге жеткелі тұр. Бәрі әлі де ұмытыла қоймаған Кеңес өкіметі кезін еске салғандай. Дүкен сөрелерінде көрнекті орында тағы сол баяғы «плавленные сырки» жамбастап жатыр. Дүкендердің бәрі дерлік тұрақты тұтынушыларға арналған  жеңілдік карталарынан бас тартып, жауып тастады.

 Өкімет тарапынан тұтынушыларға қамқорлықтар жасалып, керосин арзандатылса да (Мәскеуде 30%), ұшақтар билеті  қымбаттауда. Оның себебін тұтынушыларға көрсетілетін әртүрлі қызметтермен байланыстырады. Сонымен қатар федералдық антимонополиялық қызметтің бензин бағасының көтерілуіне байланысты жүргізген  тексеруінде  Аи-92, Аи-95 бензинінің 1 литріне баға 20 рубльден артық болғанын көрсетеді. Салық, т.б. шығындарды есептегенде бензин бағасы Қиыр Шығыстан басқа жердің бәрінде 20 рубльден аспауы тиіс дейді заң, бірақ...  

«Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді» деген осы шығар.

    

Жарқын ӨТЕШОВА

Мәскеу

2603 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы